Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан.
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Ойымды М. Қаниевтің өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде...
Неке және отбасы - бұл ерлер мен әйелдер мен олардың балалары арасындағы қатынастарды реттейтін өзара байланысты әлеуметтік институттар. Неке дегеніміз - ұрпақ өрбітудің табиғи қажеттілігінен туған ер мен әйелдің әлеуметтік танылған одағы. Отбасы дегеніміз - мұндай одақ құрған және тайпаны (тұқымды) экономикалық жағынан қамтамасыз ететін әлеуметтік бірлік. Неке мен отбасы туралы нақты анықтама беру қиын, өйткені олар тарихта үлкен өзгерістерге ұшырады және олардың әртүрлі формалары пайда болды. Ғылымда некенің және отбасының бастапқы формасы туралы сенімді гипотезалар бар.