VikaBakevich
24.03.2023 00:34

1. Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Дос – сенің жаныңды түсінетін, қиналғанда қол ұшын беріп, қуанышыңды бөлісе алатын, саған дұрыс жол көрсетіп, қашанда қасыңнан табылатын адам. Адамды досына қарап таниды.
Достық – ортақ көзқарасы болатын, үлкен сеніммен ұласатын жақын қарым-қатынас. Достардың арасында көре алмау, пайдакүнемдік, құпия, мейірімсіздік сияқты іс-әрекеттер болмайды. Есесіне жақсы дос табанды, кешірімді, ең бірінші болып көмекке ұмтылып, өз қатесін де мойындай алатын болады. Сол сияқты, шын дос досының сырын шашпай, сақтай алатын да қасиетке ие болуы керек.
Жақсы дос тапқың келе ме?
Достасуға алып келетін түрлі жағдайлар болады. Мәселен, әркімнің тұратын мекен-жайы мен араласатын ортасы дос табуға себеп болып жатады. Ол көршілер немесе бірге оқитын жолдастары да болуы мүмкін. Достық, достықтың айнымас ережелері барлық халықта бірдей.
Достастықтың тағы бір себебі бар. Ол – қай нәрсеге болмасын, ортақ көзқарастың болуы.

1. Мәтінге ат қой
2.Мәтінге 3 сұрақ жазыңыз. 1.
2.
3.
3..Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.

А) Дос – сенің жаныңды түсінбейтін, қиналғанда қол ұшын бермейтіп, қуанышыңды бөлісе алмайтын адам

В) Достасуға алып келмейтін түрлі жағдайлар болады

С) Достардың арасында көре алмау, пайдакүнемдік, құпия, мейірімсіздік сияқты іс-әрекеттер болады.

D) Адамды досына қарап таниды.

4. Шартты райда жазылған сөйлемді анықта
А) Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа
В) Ақылы көпті дау алмас, досы көпті жау алмас.
С) Досы көпті жау алмайды.
D) Ынтымақ – бұзылмайтын қорған

5. Бұйрық райда жазылған сөйлемді анықта.
А) Кекшіл болма, көпшіл бол.
В) Ғылым таппай мақтанба.
С) Достық пен татулық – таптырмас бақыт.
D) Ырыс алды – ынтымақ.

6. « Досы көпті жау алмайды» деген пікірмен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеу үшін бірнеше аргумент ұсыныңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Alex1302529
26.12.2022 12:13
Антоним (гр. antі — қарсы,onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұпқұрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап,стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.[2]
0,0(0 оценок)
Ответ:
pronikich
04.10.2022 12:17

Абай - даналықтың бастауы.

Жоспар.

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Абай - біртуар дара тұлға.

2. Абайдың шығармашылығы.

Қорытынды.

Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.

Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота