danilponomary
22.12.2021 19:38

Абай Құнанбайұлының шығармаларында (қара сөз, өлең, поэма) қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселелер көтерілетінін еске түсіріп, сәйкестендіріңіздер. №

Абай шығармалары

1

Өлеңдері  

2

Қара сөздері

3

Поэмалары  

4

Аудармалары



Көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе

А

Философиялық ойлар, адамның мағыналы өмір сүруі

Ә

Қулық, зорлық, момындық, сараңдық, жауыздық сияқты адам қасиеттерін аңдар тілінде ажуалау  

Б

Саяси мәселелер, адам мінезі, білім үйрену, адамгершілік қасиет, халық тұрмысы т.б.

В

Ашкөздік, озбырлық сияқты адам қасиеттерінің кесірі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Vika15077
13.03.2021 11:09

Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік.  «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңы­рақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге ­талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
islom0503
10.03.2021 07:57
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота