900901
09.03.2023 09:41

Тапсырма. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, сұрақтарға дәлелді жауап жаз. Cұрақтар:
1. Мәтінде айтылған нағыз достықтың үлгісін қалай бағалайсыз?
2. Шынайы достық өзіңді құрбан етумен ғана өлшене ме?
3. Дәл осы жағдаятта досты құтқарудың басқа да амалдары бар ма?
4. «Адамды досына қарап таны» дегенді қалай түсінесіз?
Екі дос егістікте жұмыс істейді. Бірі үйленген, бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған досы ішінен : «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады.Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
daria003ss2
02.11.2021 06:49

Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.

Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
karmen2004
02.11.2021 06:49

Аяз би ертегісінің тәрбиелік мәні-Хан 40 уәзірлеріне құстың жаманын,шөптің жаманын,және де адамның жаманын әкел деп бұйырды.Уәзірлер шөп пен құстың жаманын тапты,бірақ адамның жаманын таппады.Адамның жаманы алдынан шыққан адамға бәрін баяндап береді,сосын әлгі адам мен ақ жаман адам болайын деп хан алдына барады.Сонда әлгі адамның бет әлпетіне, киіміне қарап жаман адам деп ойлады.Бірақ ол данышпан адам еді.Себебі:адамның түр әлпетіне қарап адамды тануға болмайды.Адамның ішкі жан дүниесіне қарап тану керек.Оның түр әлпеті жаман болғанымен ол бәрін білетін.Себебі: жаманның басынан небір оқиғалар өткен.Енді ол ханнның уәзірі

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота