Айнель2006
07.03.2022 08:04

4
-тапсырма.
Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір. Сөйлем құра.​


4-тапсырма.Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір. Сөйлем құра.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vitakotov009
06.02.2023 06:26
Қазақстан өте үлкен жəне бай мемлекет болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда экономика дамып жатыр, түрлі тауарлар шығатын зауыттар салынуда. Қазақстаннан шыққан тауарлар көптеген елдерде жоғары бағалануда. Қазақстанның елбасы қазақстандық өндіріс иелерін қолдауды талап етті. Енді, мемлекеттік тауарлар дүкеннің керемет жерлерінде тұрады, ал қасында "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар. Олар əріқарайда тауарларды қолдауы тиіс. Шенеуніктер отандық костюмдерді киюге уəде берді. " Көптеген шаралардан кейін, костюмдер, көйлек пен галстуктерді тігуге ынталандырды. Жəне, бізге арналып тігіліп жатыр. Қазір де сонымен айналысудамыз"-деді индустриальды даму мен қауіпсіздік комитетінің председателі Аманияз Ержанов. Қазақстанда мақтануға тұрарлықтай мəселелер көп. Индустрияльды даму мен қауіпсіздік комитетінде мемлекеттің киім шығарып жатқандығы, аяқ киім жəне Француз ұлттық құрамасын киіндіріп жүргендігі туралы айтылды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
VoDarks
11.02.2022 21:51

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 
1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы». 
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. 
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді. 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота