katy244
13.02.2023 21:46

              2-тоқсан                                           БЖБ    6- сынып                      №1.    Берілген  сұрақтарға  толық  сөйлеммен жауап   беріңіз.

Алатау  тауының  қандай  жоталары  бар?

Неге  Алатау  деп  аталған?

Оқжетпес   тауы – қай  көлдің   сәні?

Оқжетпестің  табиғаты  қандай?

Төңірегінде  нелер мекендейді?                                                           3 ұпай.

   №2.    Көп  нүктенің   орнына   керекті  сөздерді  қойып, мақалдарды  толықтырып  
               жаз.

Асқар  таудай    ...    бол,

Аппақ  күндей   ...    бол.

Асу  бермес  ...     жоқ.

...   бұлағымен  сәнді,

...   құрағымен  сәнді. 
         Керекті  сөздер: көл,тау,алып,асқар,жарық                                                2 ұпай.
    №3.   Сөздерді  ретімен  қойып, сөйлем  құрастырып  жазыңыз.

Тарбағатай ауданы / Шығыс  Қазақстан облысы / жерінде / Тарбағатай  тауы. 

Тастау / биік / шыңы / ең.

Етегінде / таудың / басым өседі / тал.

Биіктігі / шыңның / метр / 2991. 

Көптеген / мекендейді / жануарлар / тауда.                                             3 ұпай. 

     №4.    Берілген  сұрақтарға  толық  сөйлеммен жауап   беріңіз. 

«ЕХРО - 2017» көрмесі  қайда, қашан  өтті?

«ЕХРО - 2017» көрмесінің  тақырыбы   не?

ЕХРО-ның  негізін  қалаушы  кім?

Алғашқы  Бүкіләлемдік  көрме  қай  жылы, қайда  өтті?

Көрмеге  не  қойылады?                                                                            2 ұпай.
Сор поставлю 5 звезд

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
refoinda
17.03.2021 10:16

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.

«Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау  қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.  

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Любимая0105
31.01.2023 16:08

Енді-енді-Мезгіл үстеу

Күні кеше-Мезгіл үстеу

Жата-жастана-Себеп салдар үстеу

Құстай-Күшету үстеу

Ақырын-Сын қимыл үстеу

Биыл-Мезгіл үстеу

Объяснение:

Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

Себеп-салдар үстеулері

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота