FrozeFre
27.03.2023 15:47

2-тоқсан «№36 қазақ ОМ» КММ

Ақтөбе облысы, Ақтөбе Қ.Ә., Ақтөбе қ.

7 А



АЙЖАН

АИДИНГАЛИЕВА

Оқушы

BilimLevel 0%

0

Жеке кабинет

Online Mektep

Кесте

Үй тапсырмасы

Мұғаліммен байланыс

Күнделік

Көмек

PISA

BilimLand

Компьютерлер

iTest

Twig-Bilim

iMektep

04 ЖЕЛТОҚСАНБЖБ

ҚАЗАҚ ТІЛІ - 7 А

Артқа

«СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ДОСТЫҚ». МОРФОЛОГИЯ

САБАҚ

ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ

Чат ашу

ТАПСЫРМА №1

ВРЕМЯ НА ВЫПОЛНЕНИЕ:

19:32

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ

Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаңыз.

Достық

Мектепте оқып жүрген кезім еді. Сыныптас болған баланы сабақтан шығып үйге кетіп бара жатқанымда көрдім. Есімі Роберт еді. Барлық кітаптарын және рюкзагын арқалап үй жаққа кетіп бара жатты. Сол кезде кітаптарын сыныпта тастамай, үйге арқалағанына қарағанда басты көтермей сабақты оқитындардан болар деп ойлағаным есімде. Өзімді көрші аула балаларымен ертең ойнатылатын футбол матчынан басқа ешнәрсе қызықтырмайтын. Бір кезде бір топ майда балалар жүгіріп өтіп, Робертті қағып жібереді де, Роберт бір жаққа құлап, кітаптары басқа жаққа шашылып қалады. Көзіндегі көзілдірік те түсіп кетті. Роберт басын көтергенде көздерінен үлкен бір мұң көрдім, қасына жүгіріп барып, кітаптарын жинастыруға көмектестім. Роберттің көздерінде көз жасын көргенде, қолдау ретінде «Сол жүгірмектерді қойшы. Оған бола ренжігенің не!», - дедім. Осы кезде Роберт «Рақмет» деді де, маған қарап күлімдеді...

. Оқиғаның дамуын болжап айтыңыз

Мектеп бітіргенге дейін екеуміз бір – бірімізге ең жақын дос болдық. Кейін ол Нью-Йорктағы университетке, мен Техастағы университетке түсіп кеттік. Мыңдаған километр қашықтықта болсақ та, достығымыз университет жылдары да жалғасын тапты. Роберт университеттің ең үздік студенті болғаны үшін, университет әкімшілігі оған университетті бітіру салтанатында сөз сөйлеуді ұсынды. Сол күні Роберт студенттер мен ата-аналар жиналған салтанатты кеште былай деді: «Университетті бітіру күні – осы күнге дейін алдымыздан шыққан мың түрлі қиыншылықтарды жеңуімізге қолғабыс көрсеткен жақындарымызға алғысымызды білдіру күні десем болады. Ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және ең бастысы достарымызға! Достықтың маңыздылығын түсіндіретін бір әңгіме айтып берейін…»

Досым танысқан күнімізді баяндай бастаған кезде, қасымдағылардың жүздеріне таңдана қарадым...

Оқиғаның аяқталуын болжаңыз.

КТО


2-тоқсан «№36 қазақ ОМ» КММАқтөбе облысы, Ақтөбе Қ.Ә., Ақтөбе қ.7 ААЙЖАНАИДИНГАЛИЕВАОқушыBilimLevel

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
соня1582
30.03.2023 16:21

Менің отаным - Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Осы елде өмірге келіп, білім қабылдап келеміз сонымен қатар қазақ тілінде сөйлеуді,қ азақ жұртының салт-дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын. Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген ақ жүрек махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.

\Қазіргі күні Қазақстан береке ордасына шарықтап отыр. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті. Менің Отаным сонау Каспийден басталып Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та , ашаршылық та, сұм соғыс та өтті. Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа тырысқан Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға — апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.

Отанымыз, кең байтақ еліміз, ата-бабаларымыздан қалған жер - Қазақстан. Ата-бабалар мұра етіп қалдырған асыл - байлық жеріміз бар. Біздің жерімізде кең, қасиеті ғана емес, қазба байлығымен жер жүзінің алдыңғы көшін бастауда. Асты кенге, талай дүлділ адамдарды ғұмырға әкелген кенді өлке туғаныма қатты қуанам.

Отанымның келешегі үшін өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын. Біз жастар Қазақстанның келешегіміз, туып өскен жерімізді оп - оңай бере салмаймыз. Еліміз үшін барлық қиындыққа төзіп беруге даярмын. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. Соған қарап мен қарапайым ғұмыр сүріп жатсам да отбасыммен, туған жерімде оқып, өз жерімде жүргеніме қатты қуанам. «Атамекен отбасынан басталады». Осы шығармада менің ойымша отбасына ғана емес, Отанға деген махаббат туралы қамтылмаған. Мен кішкентай отбасымды сүйем. Отбасымыда әкем, анам, мен, сіңілім бар. Өйткені менің отбасым да Отаныма қаракет етуде. Біз аласа ғана бөлшегіміз. Өйткені менің ұлы атам Отанды қорғауға септігін қосып, соғысқан. Ал мен сауатты кісі болу үшін аянбай оқып, үлгілі біліміммен кішкене болса да үлесімді қосып келемін. Мен жұмысымды таза жүрекпен істеуге тырысамын. Өйткені қазіргі кезде менің бар жұмысым сабақ. Сабақты босатпай, ұстаздардың айтқанын екі етпей орындаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
йцццу
26.10.2022 03:09

Достық туралы мақал - мәтелдер.

- Дос - ажарың, жолдас - базарың.

*     *     *

- Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.

Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.

*     *     *

- Жолдасың көп болса,

Жалғызбын деме.

*     *     *

- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

*     *     *

- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.

Ол әрқашанда сенімді.

*     *     *

- Досың дос болғанға шаттан,

Дұшпанмен дос болудан сақтан.

*     *     *

- Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

*     *     *

- Жаман жолдастан таяғым артық.

*     *     *

- Күлме досыңа – келер басыңа.

*     *     *

- Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

*     *     *

- Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота