
Беклер бегі немесе Бектердің бегі (османша:بكلربكی = Beylerbeyi) - ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер. Алғашқы түркі тайпаларында сайланып қойылатыын атақ пен қызмет орны болса керек. Осы мағынада ұлыс бегі, ел бегі және ұлы бек деген терминдермен мәндес болған сияқты. Кейін Беклер бегі атағы мен қызметі түрік халықтары елдерінде кең тарап, ханның арнайы жарлығымен беріліп, тағайындалған. Беклер бегі аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқарған. Мәселен, Түркияда облыстарды басқаратын губернаторлар Беклер бегі деп аталған. 20 ғ-дың басына дейін Хиуа хандығында аса ірі тайпаларды (мысалы, қарақалпақ) басқаратын хан ұлығына Беклер бегі атағы берілген. Ұсақ руларды, аталарды билейтін аталықтар Беклер бегіне бағынған. Қоқан хандығына тәуелді қазақ тайпалары мен руларын басқаратын ханның мирасқоры Беклер бегі деп аталған
Объяснение:
Сұрақтарға жауап:
1. Әкесі Абайға өзінің қасында жүретін көмекші,кейін ізбасары,мұрагері ретінде үміт артады.
2.Ол кезде Абай он үш жаста болатын.
3.Абай ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жалуабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды.
4.Жақын туысы Кәкітай Абай туралы:" Он бес жаста балалық қылмай,үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып,басшылыққа бұрынғы төрелермен талас қылып,әкесіне көмегі тиген.
Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы шешен болады.Өзінің зейіні артық болған соң,ескі мақалдарды,неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған",-деп жазады.
5. Әрине,ер бала әкеге қарап бой мен ой түзейді.Әкесінің тәрбиесін өзіне жақын тартады."Әке көрген оқ жонар" деген де соны білдіреді.Ал әке болса өз баласының соңынан ергенін қалайды.Жіберген қателіктерін түзеп,кеңесіп отырады.