Алып Ер Тоңға - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.
Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.
Мен өз елімнің елбасымен мақтанамын. 21 жыл ішінде атқарған қызметтері де, жеткізген жетістіктері де аз емес. Осы күнге дейінгі алған асуларымыз елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің арқасы. Бейбіт тәуелсіз елде тұруымызға елбасымыз көп қол ұшын созды. Елбасы — ел тілегі, ел тірегі. Астананы аз уақыт арасында гүлдендіріп, жас қала қылды. Мемлекеттің дамуында басым роль атқарды. Дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етті. Жастарға үлгі болу үшін, кітаптарын жарыққа шығарды. Сәби күнінен бастап ақылды, зерек болып өскен елбасымыз қазіргі біздің президентіміз. Тұңғыш президентті халық қалауымен сайладық. «Сенімдімін елдің ертеңіне, Нұрағадай елбасы барда» деген өлең жолдары арқылы өз еліме, жеріме деген махабатты білдіргім келеді.