Ертегі.
Піл мен торғай.
Ерте заманда пілдің түрі қазіргідей болмапты:оның көздері үлкен бопты,құлақтары басында шошайып тұрыпты,ал олардың арасында әдемі мүйіздері бопты. (Кіріспе)
Жерде адамдар пайда болғанда,арыстан пілге:
- Айналамызда адамдар көбеюде.Жақында олар бізге де жетіп,жұмыс жасатып қоятын шығар.Бізге жаңа жерлерге көшу керек! - дейді.Сонда піл:
- Мен сондай үлкенмін,маған тиісуге кімнің дәті барады?Неге мен қашуым керек? - деп тәкаппарланыпты.
Бір күні жерге торғай мен оның балапандары жерді аралау үшін жерге түсіпті.Сол кезде қастарынан піл отып бара жатады.Торғай:
- Абайла!Бұл жерде менің балапандарым жүр! - деп айқайлапты.Ал піл болса оған назарын аударғысы келмей:
- Менің балапандарыңда шаруам жоқ.Мен мына жерден қалай да өтемін! - деп балапандарды басып кетіпті.Шарқ ұрған торғай қарға мен шыбындарға барыпты.Олар пілді қуып жетіп көзін шұқып тастапты.Піл олардан әзер құтылып,көзі дұрыс көрмесе де су іздеп жүреді.Осы кезде торғай бақалардан көмек сұрайды.Бақалар бір жартастың басына барып бақылдайды.Піл осы жерде су бар екен деп жартасқа шығып,төмен қарай құлап түседі.Осылайша оның екі мүйзі сынып қалады.Ал құлақтары жалпиып,басын жауып тұратындай болып кетеді. (Негізі бөлім)
Сол кезде барлық аңдар пілге:
- Жерде бәріміз бірдейміз.Басқа аңдарды елемеуге бола ма екен? - деп айтады.Бұдан былай піл зерек әрі абай болуға тырысады екен. (Қорытынды)
Объяснение:
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.