Ksbc
09.05.2020 11:57

Сәлеметсің бе, құрметті досым, Әнуар! Денсаулығың, сабағың жақсы ма? Отбасың аман ба? Өзім туралы айтсам, үй-ішім аман, сабағым өте жақсы. Менің еліміздің тарихына ерекше қызығушылық танытатынымды сен жақсы білесің ғой. Осы хатымда саған ел тарихындағы батыр әйел Тұмар патшайымның ерлігі туралы айтқым келеді. Сақ тайпасының патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа шығуын сұраған екен. Бірақ бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді. Өйткені Тұмардың келісім бермейтінін ол жақсы біледі. Кир Крездің ақылы бойынша сақ әскеріне қарсы аз ғана әскерін қалдырып, кейін шегінеді. Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы әскерлері кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар патшайым Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ Кир Спаргапты босатпайды. Тұтқынға түсіп қалғанына намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабарды естіген Тұмар патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен соғысады. Нәтижесінде массагеттер әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді. Осы шайқаста Кир де қаза болады. Тұмар патшайым Кирдің басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа батырып, сертін орындаған екен.
Әнуар, тарихымызда ерлермен қатар ерлік көрсеткен аналарымыздың батырлығын біліп жүргеніміз қандай жақсы! Сен де осындай қызықты тарихи оқиғалар туралы білсең, менімен бөлісуіңді өтінемін. Хат күтемін. Сау бол!
Сәлеммен досың Айдар (198 сөз)

1-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз
1. Мәтін стилін анықтаңыз
А. өтініш
Ә. жарнама
Б. хабарлама
В. хат
2. Мәтін кімге арналып жазылған?
А. Ағасына
Ә. Досына
Б. Көршісіне
В. Сыныптасына
3. Мәтінде қандай тарихи оқиға туралы айтылған?
А. Кирдің амалы
Ә. Сақтардың шабуылы
Б. Парсылардың ерлігі
В. Тұмардың жеңісі
4. «Соғыс» сөзінің синонимін анықтаңыз
А. Тұтқын
Ә. Шайқас
Б. Батыр
В. Әскер
5. «кейін шегінеді» сөзінің антонмін анықтаңыз
А. қазақ болады
Ә. тұтқынға алады
Б. шабуыл жасайды
В. артқа кетеді 5 б.

2-тапсырма. Мәтіннен сұрау және сілтеу есімдікті сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Сұрау
Сілтеу 2 б.

3-тапсырма. Берілген зат есімді сөйлемдерді жіктеу, сілтеу, сұрау есімдікті сөйлемдермен алмастырыңыз.

Хабарлы сөйлем Есімдікті сөйлем
1. Тұмар патшайым Кир әскерімен соғысады.

2. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады.

3. Массагеттер парсыларды жеңеді.

3 б.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yroyakap0doki
07.06.2021 01:24
Падеж Септік Сұрақтар (вопросы) Жалғаулар (окончания) Мысал (пример) 1. Именительный Атау кiм? (кто?),  не? (что?) Жалғауы жоқ (Нет окончания) мектеп (школа) 2. Родительный Ілік кiмнiң? (кого?),  ненiң? (чего?) -ның/–нің, -дың/-дің, -тың/-тің Мектептің              (школы) 3. Дательный Барыс кiмге? (кому?),  неге? (чему?), қайда? (куда?) -ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не, -а/-е Мектепке                                       ( школе,                           в школу) 4. Винительный Табыс кiмдi? (кого?),  ненi? (что?) -ды/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні, -н Мектепті     (школу) 5. Местный Жатыс кiмде? (у кого?),  неде? (на чём? в чём?),  қайда? (где?),  қашан?(когда?) -да/-де, -та/те, -нда/-нде Мектепте                     (в школе) 6. Исходный Шығыс кiмнен?(от.кого?), неден? (от.чего?),қайдан? (откуда?) -дан/ден, тан/тен, нан/нен Мектептен       (из школы) 7. Творительный Көмектес кiммен? (скем?),  немен? (с чем?) -мен, -бен, -пен Мектеппен (школой)
0,0(0 оценок)
Ответ:
nastyafifefoks
03.12.2022 12:20
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген а екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота