Kalltan
16.07.2020 10:57

Бүгінде елімізде баламалы энергия көздерін игеруге деген ұмтылыс көңіл қуантады. Оны кейбіреулер жерасты кен қазбалары көлемінің азаюымен байланыстырып жүр. Негізінде, мүлде олай емес. Жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан, елімізде энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды, дегенмен қоршаған ортаны таза сақтап, жаңартылмайтын энергия көздерінің мол қорын болашаққа аманаттап қалдыру – басты міндетіміз. Жаңартылған және баламалы энергия көздерін өндіруге әлеуетіміз мол. Ендеше, неге бізге экологиялық тұрғыдан тиімді, залалсыз істі қолға алмасқа? Баламалы энергия көзін табу, ең алдымен, әлемдегі барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игі іс болмақ. Олай етпеген күнде көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзады.
Еліміздің баламалы энергия көздерін дамытудың «жасыл» жолына көшуіне елордада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қуатты серпіліс берді. Қазақстан бұл істе алғашқы болып бастама көтеріп, энергияның баламалы түрлеріне көшуде, табиғатқа да, адамзатқа да залалсыз баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды ұсынды.
Көрмеге келушілер «жасыл экономиканың» жетістіктерін өз көздерімен көрді. Әлемдік деңгейдегі баламалы энергияның өндіріс жолдарының жай-күйіне де қанықты. Аталған шарадан Күннен, желден, судан электр қуатын өндіруде тың идея, соны жаңалықтар көптеп күтілуде. Оның қатарында қоғамдық көліктерге қолданылатын экологиялық таза отын, электрокөліктердің іске қосылуы жатады. Әсіресе, оңтүстік өңірлердің климаттық жағдайы Күн қуатын пайдалануға қолайлы: жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат Күн энергиясын өндірудің мүмкіндігі бар. Бұл – отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жүзеге асыруға жетелеп отыр. (Ерман Әбдиев)
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор
Білім алушы
Автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы аннотация не тезис жазады.
Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы аннотация не тезис жазыңыз. *​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Дашундель
23.01.2020 23:54

1. Казак

2. бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
dmahov228
04.06.2023 13:34

Көшпелілер туралы диалог.

Кенжебек: Мұратхан, сен көшпелілер жайлы ең бірінші кім жазғанын білесің бе?

Мұратхан: Ия, Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазғанын кітаптан оқыған болатынмын.

Кенжебек: Дұрыс айтасың. Мен үй тапсырмасын оқып отырып, көшпелілік тақырыбына қызығып, қосымша мәлімет іздей бастадым.

Мұратхан: Ия, тарих қашан да қызықты мәліметтерге толы болады ғой. Сонда тағы не білдің?

Кенжебек: Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары сипаттаған екен.

Мұратхан: Сонда, жалпы «көшпелілер» деген кім екен?

Кенжебек: Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.

Мұратхан: Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н. Гумилев болды. Сол туралы естуің бар ма?

Кенжебек: Ия, Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады.

Мұратхан: Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптаса бастады?

Кенжебек: Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған екен.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота