Арсенал11
24.10.2020 23:57

Қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз xалқымыздың еңбегінің жемісі. Егер, арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді.Дегенмен, әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар! Еліміздегі бірлікті мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады! Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Татулық пен ынтымақтың не екенін көріп өскеннен кейін, оның жалғастырушысы болу да- біздің азаматтық парыз. Ата-бабаның маңдай терімен, төккен қанымен келген киелі аманатқа тәуелсіз елдің ұландары қиянат жасамайды деп ойлаймын!

1-тапсырма .Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстанда тұратын ұлттардың арманы не?

Біздің байлығымыз не?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
пандочка94
23.12.2021 04:57
Алуан түрлі із салғанның өзі еді, 
Өзінен де пайдалысы өзегі. 
(Қарындаш) 

Қабы сояу, 
Дiнi – бояу. 
(Қарындаш) 

Қысқа таяқ дiңi бар, 
Шиырлаған iзiнде 
Сайрап тұрар тiлi бар. 
(Қарындаш) 

Ойларынды аңсаған, 
Асыл сөздi ақ алаңға, 
Түсiруден шаршаған, 
Мен емеспiн әмәнда. 
(Қалам) 

Тiл жоқ өзiнде, 
Сөзi бар iзiнде. 
(Қаламсап) 

Денесi бар шыбықтан, 
Темiр тұмсық құдықтан, 
Сусын алып iшедi, 
Ойы iз боп түседi. 
(Қаламсап) 

Жұқа тақтай бөлшегi, 
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш) 

Тау, қыр, жазық, өзен, көл – 
Қабырғада биік тұр. 
Нансаң, кел, өзің көр – 
Бір қағазға сыйып тұр. 
(Карта) 

Доп сынды келбетi, 
Онда бар түп-түгел, 
Әлемнiң әлпетi. 
(Глобус) 

Көкқұтанша ақ айдында, 
Бiр аяқпен тұрады. 
Тұмсығымен ол мұнда, 
Шыр айналып шығады. 
(Циркуль) 

Емес ол кітап та, дәптер де, 
Жүреді бірақ та портфельде. 
Көрсетіп ондағы бағаңды, 
Қуантып қоясың ағаңды. 
(Күнделік) 

Бiлiм менен тәлiм, 
Парақты ашқанда 
Беттерiнен мәлiм. 
(Күнделiк) 

Оқушыға күнде ерiп, 
Жүретiн не? 
(Күнделiк) 

Қабат-қабат қаттама, 
Қаттамадан аттама. 
Ақылын оның ала бер, 
Айтқан сөзін жатта да. 
(Кітап) 

Сөзі дана, үні жоқ, 
Сөйлемейді, тілі жоқ. 
Қолыңа алсаң – шешен, 
Ақылы асқан көсем. 
(Кітап) 

Тақтаны «досым» дейді, 
Өзін сол досы «жейді». 
(Бор) 

Төрт қырлы, өзi аппақ, 
Тақтадағы iзi аппақ. 
(Бор) 

Кең алаң – тақырдан, 
Шиырлап қайтады. 
Ақ қант қатырған. 
(Бор) 

Үстiне өттiм, 
Асыл сөз жазып. 
(Дәптер) . 

Ұшымен қазық 
Тор көздi жазық. 
Үстiне өттiм, 
Асыл сөз жазып. 
(Дәптер) 

Үстiнде есiгi, 
Өзi орындық, әрi үстел, 
Оқушылар бесiгi. 
(Парта) 

Iлулi тұр кең алаң, 
Керегiмдi мен одан. 
Жазып алам көшiрiп, 
Сүртем сосын өшiрiп. 
(Тақта)
0,0(0 оценок)
Ответ:
matvak
07.11.2021 23:28

Жеңіс күні.

Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 74 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота