камран12
24.05.2020 05:05

Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып, «Астана – өнер ордасы» деген пікірді дәлелдейтін өлең жолдарын іріктеңіз..

Астана – өнер ордасы

Ән дарыған далада шыңға айналған Астанам,

Төбесінде жарқырап, күн байланған Астанам!

Жұлдыздары жамырап, ай кетпейтін Астанам,

Қыс та қиып кете алмай, жай көктейтін Астанам...

Ақтарылып ауасы, ағылатын Астанам,

Бармасам да, барсам да сағынатын Астанам.

Жадыратып жанымды мұң-қайғы алған, Астанам,

Ертегімсің сен менің шынға айналған Астанам!

Көкті сүйген көркімен таңдандырған Астанам,

Көңілінде көргеннің ән қалдырған Астанам.

Еркелеген Есілдің ағасындай Астанам,

Азаттықтың ақжолтай баласындай Астанам.

Көзін ашып, тұрғанша күн бесіктен, Астанам,

Бір жеңе алмай жарығын, түн кешіккен, Астанам...

Мен қайтер ем түс болып, өң болмасаң, Астанам?!

Мен қайтер ем жаһанда сен болмасаң, Астанам?.. ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sabama
16.01.2023 03:27

Электр энергиясын үнемдеу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дегенмен кейбіреулер оған мән бермейді. Себебі "ақшасын төлесек болды емес пе?" деп ойлайды.

Алайда электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады. Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауамен тыныс аламыз.

Өкінішке орай, біздің елімізде экологиялық білім кенже қалып келеді. Үкімет көптеген іс-шара жүргізсе де, адамдар электр энергиясын үнемдеуге әдеттенбей келеді. 

Үйде компьютер, теледидар, т.б. құралдарды қажетті кезінде ғана қосып отырыңыз. Компьютермен жұмыс істеп отырып, 20-30 минутқа үзіліс жасасаңыз, оны «ұйқы» режимінде қалдырыңыз. Сондай-ақ теледидарды күні бойы қосып, тастап кететін жайттарды күнделікті көріп жүрміз. Электр пештері орнатылған үйлерде тұратындардың тарифі газ пештері барларға қарағанда азырақ. Сонда да пешті қажет кезде ғана қосып, ажыратып отырғаныңыз абзал. Тамақ пісіретін ыдыстардың түбінің плитамен бірдей болғаны да үнемдеуге көмектеседі. Суды электр шәйнегіне тек өзіңізге қажетті мөлшерде құйып, қайнатыңыз.

Киім үтіктегенде уақытымен қосыңыз. Егер үтіктің табаны бүлінсе, тұзбен тазалап алыңыз. Ол үшін матаға 300 грамм тұз төгіп, үтікті қыздырып, тұздың үстінен тазарғанша жүргізесіз.

Қыста балконда немесе басқа салқын бөлмеде тамақ сақтайтын мүмкіндік болса, тоңазытқышты не мұздатқышты ажыратып қойғаныңыз дұрыс. Апа-әжелеріміздің әдісімен етті сүрлеуге үйреніңіз.

Объяснение:

Я толька 1 вопрос ответила:

электр энергиясын үнемдеудің маңызы қандай?

0,0(0 оценок)
Ответ:
Beauty52
29.12.2021 13:28

1) С) Түркі халықтары ерекше күшті, қайсар, мықты батырдың ұрпақтары.

2) В) аңыз

3) В) көркем-әдебиет

4) Бұл мәтінде бөрі ана мен бала, түрік халқы туралы айтылған. Және түрік халқының мықты, батыр, күшті болатынын айтқан. Мен бұл мәтіннің авторымен келісемін. Түрік халқы өте ержүрек халық.

5) Бұл үзіндіде Ер Тарғын батырдың ерлігін сипаттайды. Ер Тарғынды бөріге, қалмақты қойға теңейді. “Бөрінің” “қойды” қалай “бөріктіргені” айтылған. Ер Тарғынның қалмақтарды ерлікпен құлатқаны суреттелген.

6) Мен ежелгі түріктердің ата-тегі - бөрі деген түйінге келіспеймін. Мен бұл түйінге қарсымын. Себебі, адамдарды да, жануарларды да жаратушы біреу, яғни олар адамдар, жануарлар болып бөлек жаратылған жаратылыстар. Сол себепті мен бұл түйінге келіспеймін.

.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота