Қабаған ит - қап түбір, жұрнағы аған. Даняир қабаған иттен қатты қорықты. Бақытты бала - бақыт түбір, ты жұрнақ. Дәулет бақытты бала, себебі оны бәрі жақсы көреді. Бұлтты аспан - бұлт түбір, ты жұрнақ. Аспанымыз бұлтты болмасын. Ақылды адам - ақыл түбір, ды жұрнақ. Ақылды адам бос сөз айтпайды. Тапқыр бала - тап түбір, қыр жұрнақ. Айдос - тапқыр бала, сондықтан мұғалімдер оны түрлі сөз сайыстарына жібереді. Шыдамды жігіт - шыда түбір м - жұрнақ, ды жұрнақ. Жандос денесі шыныққан, қиындыққа шыдамды жігіт. Ашық есік - аш түбір, ық жұрнақ. Үйге ашық есіктен бөтен мысық кіріп кетіпті. Өнерпаз оқушы - өнер түбір, паз жұрнақ. Біздің сыныптың оқушылары шетінен өнерпаз. Аспалы шам - ас түбір, палы жұрнақ. Аспалы шамдар бөлмеге әдемі реңк беріп тұрды. Үрмелі аспап, ұр түбір, ме жұрнақ, лі жұрнақ. Сен қазақ халқының үрмелі аспаптарын білесің бе? Ұялшақ адам ұял түбір, шақ жұрнақ. Ұялшақ адам көп нәрседен құр қалады.
Жер шарындағы әр елдің, әрбір жер түпкіріндегі халықтың өз туған тілдері, ана тілдері болады. Соған көзімізді жеткізе отырып, жер шарындағы тілдердің аз еместігін түсіну қиынға соқтырмайды. Әр халықтың өзіне ғана тән, өзге елдің тілдеріне мүлдем ұқсамайтын, өзіне ғана тәнерекшеліктерге толы, орасан зор байлыққа ие тілдері бар. кез келген тілдердің өзіндік бір ерешеліктері мен қасиеттері бар. Тіл кез-келген адам өмірінде, адамның бір-бірімен қарым-қатынасында үлкен рөл, елеулі орын алады. Адам тілге мұқтаж. Тілдің біздің өмірімізде үлкен орын алатыны тегін емес. Тек тіл арқылы адам бір-бірімен қарым-қатынас жасап, адамның қалпын, дәстүрін, әдет-ғұрпын ғана емес, сонымен қатар біраз уақыт араласу барысында адамның жан дүниесін, жүрек сырын да білуге болады. Өз ана тіліңді жетік білу арқасында өз тіліңді өзге леге танытасың, дәрежесін көтеріп, ана тілін дамытуға үлкен үлес қосасың. Тіл дәрежесінің өсуі тек ата-аналарымызға емес, бізге де, яғни болашақ ұрпаққа байланысты. Оны біз күнделікті өмірден-ақ байқаймыз. Тіліміздің байлығы – еліміздің байлығы…
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку