Объяснение:
Ғасыр мен ғасыр беттесіп, уақыт теңізінің алып толқындары жалын желбіретіп аспанға шапшығанда, тереңде қалған жақұт жырлар да жарға жабысып, жаңа дүние жағалауына шығатыны болады. Тіршілік тауқыметінен қашып, қарттыққа бой алдыра бастаған, балалық, жастық, жігіттік дәуреннің отты өлеңдері, жалынды жырлары сол өткен ғасырдың тереңіне шөге бастаған шағында қайта жаңғыратын, жасаратын ақындар болады. А қатарында мұндай құдіретке, мұндай қасиетке жүз жыл бойына тынбай шындық деп соққан, шындық деп жырлаған ұлы жүрек иесі ғана лайық. Жүз жыл жасап, жүз жыл жырлау құдай мен халықтың сүйген кісісінің ғана қолынан келмек. Ал жүз жыл жасап, жүз жыл бойы шындықты жырлау мәңгілікпен бірдей құбылыс. Көзінің тірісінде-ақ «Өлең сөздің пірі», «Поэзия алыбы», «Алатау сынды ақсақал», «Жыр күмбезі», ал 90-нан асқан жасында «XXI ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абайдың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.
Қазақ тілі кең байтақ жерді алып жатқан халыққа тиесілі. Қазан төңкерісіне дейін орыс ғалымдары И.И.Ильминский , В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский және басқалары да қазақ тілін зерттеуге үлкен қызығушылық танытты.Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты.
Қазан төңкерісінен кейін республикада қазақ тілінің дамуына үлкен мағына берілді. Танымал қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов,Х.Жұбанов,Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев және басқалары қазақ тілінің негізін салушылар.