Кіріктірілген оқу бағдарламасы қазақ тілі пәніне түбегейлі өзгерістер алып келді, мұғалімнің алдында тұрған міндеттерінің өзгеруіне ықпал етті. Мұғалім оқулықта берілген нұсқау бойынша білім беруші рөлін өзгертіп, сын тұрғысынан ойлай алатын оқушыны тәрбиелейтін фасилитаторға, нұсқаушыға айналды. Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқушыға оқулықта ұсынылған материалды емес, әдеби шығармаларға қоса, мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткаларды мәтін ретінде ұсынып, оқыта алады. Бұл өз кезегінде мұғалімге шығармашылыққа кең құлаш жаюға мүмкіндік бере тұрғанмен, сонымен қатар үлкен жауапкершілік артуда. Мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткалар мәтін болатын болса, «оларды қалай таңдаймыз, қандай параметрлермен өлшейміз, мәтінді сыныпқа әкелмес бұрын нені ескереміз, қандай белгілеріне қараймыз?» деген сауалдар көп туындайды.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]