Спорт туралы диалог
- Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...
- Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.
- Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?
- Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?
- Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.
- Қандай керемет! Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?
- Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.
- Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!
- Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.
Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.