Ка Мағжан Жұмабаев -қазақ халқының лирик ақыны, аудармашы, ғалым, ұстаз, бес арыстың бірі, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының белсенді мүшелерінің бірі. Ол 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында дәулетті отбасында дүниеге келген. М.Жұмабаев - әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай", "Шойын жол"). Ол техикалық прогреске ешқашан қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Оның алғашқы өлеңдерінің бірі «Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға» деп аталады. Жастарға арналған өлеңдері: «Мен жастарға сенемін», «Қарағым» т.б. Поэмалары: «Қорқыт», «Батыр Баян», «Жүсіпхан», «Ертегі» т.б. Мағжан Жұмабаев өзінің барлық шығармаларында халықты бірлікке, адамгершілікке шақырды. Мағжан Жұмабаевтың қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арнаған шығармасын ата.