біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. н.ә. назарбаев
1991 жыл - еліміздің «қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қ басқан жылы. сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. қазіргі қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі қ, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. қазіргі таңда қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ң жедел қарқынмен - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. бүгінгі қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «қаз тұрып, қ басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп елбасымыз айтқандай, егемен қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Менің сүйікті пәнім Мен үшінші сыныпта оқимын. Маған барлық пәнде ұнайды. Менің сабақ үлгерімім өте жақсы. Пәндердің ішінде, әсіресе, математиканы қатты ұнатам. Мектепшілік математика олимпиадасына қатысып жүлделі бірінші орын алдым. Математика сабағында үш таңбалы сандарды ауызша шығаруға үйрендім. Сабақта үнемі логикалық тапсырмаларды орындаймыз. Топпен жарысып есеп шығарамыз.Балдырған журналында берілген математикалық тапсырмаларды қызыға орындаймын. Математика сабағында біз бір-бірімізге көмек береміз. Қоңырау кезінде ыстық орындық ойынын ойнаймыз көбейту кестесін сұрап. Математика пәні барлығына ұнайды деп ойлаймын. Менің сүйікті пәнім математика.