Викусёк1101
26.02.2023 02:29

Астана — елімнің жүрегі ме? Астана — елімнің жүрегі ме? деген кезде, арғы - бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен- тегін болмаған шығар деп ойлаймын .Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.

Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десек те, Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам, өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді. Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық. Қала сұлулығы қай а болсын тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар.

Қорыта айтқанда, Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Мынау крч эссе

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sobitlogin
07.01.2021 00:36

я ничего не понял нуу поверь всебя и все ты сможешь

0,0(0 оценок)
Ответ:
eio32120kopqicom
07.01.2021 00:36

рахметтт какраз осы таөырыпқа эссе іздеп жатқам

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота