Максим56065
17.07.2021 10:37

Естемес күйге елігіп өзге дүниені ұмытып кетті. Талайдан бөрі арқаны құрыстатып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қыртысы таралып, жанын сергітіп әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Естемес қиялынан сергіп нарға қарады. Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп бір-екі рет қозғалып теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басып бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңыранды. Естемес оны да домбыраның шегіне іліп әкетті. Күйші көзі Жаңылға түсті... Қыз нардың емшегі қысып ұстап, қатып қалыпты. «Апыр-ау, бұл неге саумай тұр» деп ойлады Естемес. Нардың желіні тырсиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма шуақ биігінен төмендеп, қайтадан мұңлы сазға ауысып күңіреніп барады. Сәлден кейіп жалт еткен арманынан айрылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып тұрды. Күйшінің де көзінен жас тамып кетті. «Заманым өткен екен ғой» деп aһ ұрып жалт бұрылды да:
Ар жағын сен тарт,— деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді.
Оразымбет домбыраны қағып алып жалғастырып тарта жөнелгенде нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.
Біз қайдан білейік, ел: «Нар идірген» күйі осылай туыпты деседі.
Кіріспе:
Негізгі бөлім
Қорытынды

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dalqwe
21.07.2020 03:08

Осыдан үш жыл бұрын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көріп, Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бағдарламалық құжат екендігі Қазақстан халқымен мақұлданды. Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен құндылықтарға негізделуін қадап айтқан еді. Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдады. Бағдарламалық мақаланың халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән болған жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға толық негіз бар.

Қоғамдық сананы жаңғыртуға

0,0(0 оценок)
Ответ:
Anechka6665
21.07.2020 03:08

ответ:Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота