aleksandrp462
13.06.2021 04:23

4-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, Абай шығыс, орыс, батыс әдебиетінен кімдерді оқығандығы туралы ақпаратты дәлелдейтін жолдарды іріктеп жазыңыз.
Абайдың өмірбаяны
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез
ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген. Әкесі Құнанбай қажы "Ескітам" деген
қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында
өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын
зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3
жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша
түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың
барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты
молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге
балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын
Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак,
тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай
білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ...
Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен
шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы
басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А.
Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов,
Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон
сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
xmaxim99
22.10.2021 06:44

1.Мәңгілік ел идеясының тарихы қанша негізден тұрады? (3 негізден)

2.Оларды ата? (1-түркі жазба ескерткіштеріндегі-<мәңгілік ел> идеясы, 2-Әл-Фарабидың <қайырымды қала тұрғындары> шығармасы, 3-Жүсіп Баласағұнның <құтты білік> дастаны)

3.Жүсіп Баласағұн дастанындағы басты кейіпкер-Күлтегінді түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы ретінде көрсетеді-деп кім жазды? (Д. Қаумен)

4.Тоныкөк ескерткішінде не жайлы айтылады? (мемлекет тұрақты болу үшін қаған мен ақылгөй дананың ауызбіршілігі, ел бірлігі үшін ынтымақ керек деп айтылады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Evklidushka
08.12.2021 09:20

Қазақ халқының қолөнері көшпенді халықтың қолданысына ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын өндіріс. Табиғи шикізаттарды пайдалана отырып, қолөнершілер әртүрлі бұйымдар жасайды. Олар ат әбзелдері, құрал-саймандар, тұрмысқа керекті заттар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар. Бұл бұйымдарға қарап халықтың тұрмыс тіршілігін, салт дәстүріннің көрінісін көруге болады Музыкалық аспаптарды ағаштан жасады: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сыбызғы және тағы басқалар. Қару жарақтар: найза, садақ, қалқан, қылыш, айбалта,қанжар және тағы басқа заттар. Ыдыс аяқтан құмыра, торсық, месі, күбі, кесе, қасық, құман, қазан т.б. Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің заттары, киіз басу, жүннен мақта-мата, тон, көрпе-жастық, кесте тігу, ши орау,ағаш төсек жасау, бесік жасау. Сонымен қатар сәндік, зергерлік бұйымдар моншақ, сырға, сақина, білезік, шолпы, алқа және тағы басқа заттар.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын айтады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота