mamba211004
13.10.2021 01:24

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау Оқу мақсаты 9.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

Перифраз тәсілдерін қолданып, жинақы мәтін жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы мәтінді ықшамдап, жинақы мәтін жазыңыз.

ЭКСПО-2017 көрмесі қалай өтті?

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, «ЭКСПО, ЭКСПО» деп жүргенімізде ЭКСПО да өтті. Иә, ол қалай өтті? Халықаралық маңызы ерекше көрмені өткізу барысында қандай дайындық қамы жасалды? Не істеді? Не істелінді? Біз осы сауалдарға жауап іздейміз.

ЭКСПО көрмесін өткізу барысында барлығы 647 мәдени шара ұйымдастыруды жоспарланған болатын. Барлық іс-шаралар бекітілген мерзімде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған. ЭКСПО-ға дайындық штабының жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: құрылыс нысандарын уақытында аяқтап, пайдалануға беру, көлік және инженерлік инфрақұрылым, шетелден келген қонақтарды қарсы алу, қаланы мерекелік безендіру, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру; қоғамдық көліктің қозғалыс бағытының сызбасын даярлау; қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрме өз жұмысын бастағалы бері Астанаға 2,1 миллион адам келген. Оның 1,4 миллионы – шетелден келген туристер. Темір жол бекеттерінің қызметіне сұраныс – 60 пайызға, әуежай қызметіне – 70 пайызға, туристік операторлардың жұмысына сұраныс 78 пайызға артты. Қала қонақтары үшін ақпарат беретін алты дүңгіршек іске қосылып, үш тілде қызмет көрсетіп жатты. Сондай-ақ, туристер үшін Welcometoastana интернет-порталы ашылды. Үш айдың ішінде оның тұрақты қолданушыларының саны 20 мыңды құраса, барлығы 95 мың адам кіріп көрген екен.

Астана қаласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ситуациялық орталық ашылған еді. Оның көмегімен көшелерге бейнебақылау камераларын орнату арқылы қылмыс деңгейін төмендетуге жол ашылды дейді аталмыш орталық қызметкерлері.

Осынша ауқымды шара аясында азық-түлікпен қамтамыз ету мәселесінің де туындауы ықтимал еді. Алдын ала болжам бойынша, көрмеге келетін қонақтардың есебінен азық-түлікке деген сұраныс 20-30 пайызға артып, қалаға күн сайын 1500 тонна азық-түлік әкеліне бастады. Жаңадан базарлар желісі құрылды. Баға тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін «Кенмарт», «Астықжан» сауда үйлеріне 300 миллион теңге көлемінде қарыз берілді. Сөйтіп аталған сауда үйлері 49 азық-түлікке өз бағаларын қойған. Ол жыл соңына дейін сақталды. Бұл шаралар азық-түлікке деген сұраныстың 30 пайыздан 80 пайызға өсуіне қарамастан, бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты ұзындығы 23,4 шақырым 11 көше салынып, 17,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрме аймағын жылумен және электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін 50,2 шақырымдық жылу жүйелері, 25 585 шақырым электр желісі, үш электрмен қамтамасыз ету жүйесі, «Жаңа жол» қосалқы электр станциясы салынды. Одан бөлек, қала қонақтарының саны артуына байланысты жаңадан жеті Shuttle Bus автобусы қосылды. Ол ЭКСПО көрмесі мен қала сыртындағы ауылдардың арасында қатынап, жолаушыларды тасымалдап жүрді. Қаланың 142 қоғамдық көлігі күн сайын 55 мың жолаушыны тасымалдаған. Қала тұрғындары осы қоғамдық көліктер мен олардың қозғалыс бағытын

көрме аяқталған соң да, қала тұрғындары үшін қызмет көрсетуін жалғастыра беруін сұрап, диспетчерлік орталыққа өтініштерін білдірген соң, ол мәселе де шешілді.

Мыңдаған меймандарға көрсетілетін медициналық көмектің де сапасының жоғары болуы – басты мәселенің бірі болды. Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін жедел штаб құрылды. Көрме аймағында жеті медициналық бөлім мен медициналық орталық жұмыс істеді. Қала бойынша жеті қалалық медициналық мекеме мен жеті республикалық клиника қызмет көрсетті. Жедел жәрдем қызметінің жаңа Орталық станциясы ашылды.

Ауқымды шараның сәтті өтуі – ұйымдастырудағы ұсақ-түйек детальдардан басталатыны белгілі. Соның ішінде еріктілер еңбегінің жұмысы айрықша. Ұлттық компанияның еріктілерінен бөлек, қаладан 510 ерікті жиналды. Олар күн сайын әуежайдан, бекеттерден туристерді күтіп алу мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру сынды жұмыстарға белсене араласты. Көрме аяқталған соң, еріктілердің белсенділері арнайы қала әкімшілігі тарапынан марапатталды.

Дескриптор Білім алушы

Автордың негізгі ойын сақтай отырып, мәтінді түсініп оқыңыз.

Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ақпараттарды табады;

1

1

Ықшамдалған мәтіннің құрамына күрделі сөйлемдерді қолданады - бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырады;

3

-асты сызылған сөздерді синонимдермен алмастырады;

2

перифраз тәсілдері арқылы мәтінді ықшамдап, жинақы мәтін жазыңыз. - мәтіндегі негізгі ойды ықшамдайды.

2

Сауатты жазу 1

Барлығы 10

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ms002
31.05.2020 23:27

ответ: қазақтың ұлттық киімдерінде, оның этникалық тарихы мен қ, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы да суреттеледі. олар пайдаланылуы мен қолданылу ерекшеліктеріне де байланысты топталып отырды. қазақ киімдерінің практикалық, эстетикалық, ғұрыптық және магиялық маңызы болумен қатар жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейіне қарай этноәсер етуші белгілерді де ұстанды. киімдердің мұндай қызметтері дәстүрлі далалық этикалық нормалармен де байланыстырылып, әлеуметтік-тұрмыс мәселесі шеңберінде қарастырылды. қазақтың дәстүрлі киімдерінің ішінде жас ерекшеліктеріне байланысты киімі ерекше саналды. дүниеге келгенде, ол жолдасында туса, онда онымен бірге бақ-дәулет, бақыт келді, - деп сол кезде «көйлегінде туған» деп айтқан. туғаннан кейін, жолдасын алып кептіріп, бақыт үшін сандықта сақтаған. бұл әдет сібірдегі түркі халықтарының арасында да кездеседі [1]. ал тұзды суға шомылдырып, денесі жара болмас үшін және жылы, әрі жұмсақ болсын деген ниетпен қойдың жабағы жүніне аунатып алатын салт болған. сондай-ақ нәрестенің ең алғаш киетін киімдерінің бірі – иткөйлек. ол жұмсақ сисадан не жұқа бәтестен жеңі мен бойын тұтас пішіп, жағасын ойып алатын да, шет-шетін бүкпей, екі жанын қолмен тепшіп жас ң нәзік етіне тігістің батпауы үшін дайындалатын. иткөйлектің етегін бүкпеу әдеті – ң жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеген ырымнан туындады. әдетте, иткөйлекті қырқынан шығарғанша кигізген. содан соң оны тәтті дәмге толтырып, ауыл шақырып, иттің басына іліп жіберетін болған. бұл қауіп қатерден сақтаудың және ит тиюден сақтаудың бірден-бір жолы деп білген. ал кейбір өңірлерде, иткөйлектегі тәтті дәмдерді бөліп алғаннан кейін, ол иткөйлектен үш бұрышты бойтұмарлар жасап мойындарына іліп жүретін болған. ең алғашқы қырқын шашты домалақтап, оны көз тимесін деген ниетпен ң киіміне тағып қоятын болған. сондай-ақ бесікке әр түрлі қорғап қолдаушы саналған – үкі аяқ, жылан бас сияқты бойтұмарларды іліп қоятын болған. ң өмірін сақтау үшін, оның киімдеріне де әр түрлі амулеттер тағылды. олардың қатарында үш бұрышты матамен сырты қапталған құран аяттары жазылған бойтұмар, үкі қауырсындары мен тұяғы, сердолик және ақық сияқты асыл тастары бар әшекейлер мен қолына ақ-қара моншақ араласқан көзді білезік тақты. мұндай қасиетті бұйымдар сыртқы тіл-көздің энергиясын қабылдайтын магиялық қасиеті болды деп түсінді. әдетте, 1 жастан 3 жасқа дейінгі ң киімінде ерекшелік болмады.

объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
МарияLevkivska
02.09.2021 09:33
Теледидар бүкіл әлемнің бүкіл адамзаттың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Кішкентай балақайлардан еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып, тамашалайды. Теледидардың шығу тарихы, Televisorium латын тілінен аударғанда алыстан көруші дегенді білдіреді. Теледидар пайда болғанша қаншама физиктер, ғалымдар еңбектеніп ізденді. 1884ж неміс өнертапқышы Пауль Нипков спираль тектес ойлап тапты. Ол теледидардың механикалық бір түрі десе де болады. Ойлап тапқан соң арада 14 жыл өткенде катодты сәулелі түтікшені шығарды. Түтікше лампалы теледидардың пайда болуына септігін тигізді. Оны ойлап тапқан Джонатан Ценнек пен Фердинанд Браун болатын.
Электронды сәулелі түтікшені жасаушылардың бірі ресейлік профессор Борис Розинг 1907ж өнертабысы үшін патент алды.Нағыз электрондық теледидарды жасауды шәкірті В.Зворыкиннің үлесі тиді. 
1917ж бері АҚШта білім алған ғалым 1923ж алғашқы киноскопты ойлап шығарды. 1933ж бейне сигналды қосты.
Теледидардың шығуына АҚШ пен Шотландия үлесі зор. 1925ж Шотландық инженер Джон Лоджи Байрд құрыдғысынан адам басын көрсетіп, зерттеді. 3 мерт қашықтықтан бейнені көру ол кезде сенсация болатын. Бейне көрінгенмен, анық емес еді. Қаңылтырды, картон дискісін, бос қорапты, фонарьды қолданған. 1927ж Э.Александерсон тікелей эфирден адамның темекі тартып тұрғанын көрсетті.
АҚШ әлемге ең алғашқы рет теледидарлар шығара бастайды. Алғашқы телехабарлар АҚШта 1927ж, Ұлыбританияд 1928ж Германияда 1929ж пайда болды.
КСРОда Б-2 маркалы теледидар 1932ж Ленинградта Коминтерн зауытында жасалды. көлемі 3*4см болды. Тұрақты хабарларды 1939ж беіле бастады.
1954ж алғашқы түрлі түсті теледидарлар пайда болды. Бағасы 1000 АҚШ доллары болатын. Қазыргімен есептегенде шамамен 8000 сомасы. Істеп тұру үшін тұрақты жылына 1000 доллар ақша қажет болды. 1962ж америкалық спутниктік телеарнасы алғаш рет тікелей эфирден таратты. Пульт 1975ж ойлап табылса, плазмалық теледидар 1977ж пайда болды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота