настя8412
26.04.2020 22:14

Сәлеметсің бе, құрметті досым, Әнуар! Денсаулығың, сабағың жақсы ма? Отбасың аман ба? Өзім туралы айтсам, үй-ішім аман, сабағым өте жақсы. Менің еліміздің тарихына ерекше
Қызығушылық танытатынымды сен жақсы білесің ғой. Осы хатымда саған ел тарихындағы батыр
әйел Тұмар патшайымның ерлігі туралы айтқым келеді.
Сақ тайпасының патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа
шығуын сұраған екен. Бірақ бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді.
Өйткені Тұмардың келісім бермейтінін ол жақсы біледі. Кир Крездің ақылы бойынша сақ әскеріне
қарсы аз ғана әскерін қалдырып, кейін шегінеді. Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін
тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы әскерлері кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы
Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар патшайым Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ
Кир Спаргапты босатпайды. Тұтқынға түсіп қалғанына намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл
хабарды естіген Тұмар патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен соғысады. Нәтижесінде массагеттер
әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді. Осы шайқаста Кир де қаза
болады. Тұмар патшайым Кирдің басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа батырып, сертін
орындаған екен.
Әнуар, тарихымызда ерлермен қатар ерлік көрсеткен аналарымыздың батырлығын біліп
жүргеніміз қандай жақсы! Сен де осындай қызықты тарихи оқиғалар туралы білсең, менімен
бөлісуіңді өтінемін. Хат күтемін. Сау бол!
Сәлеммен досың Айдар (198 сөз) выпиши из текста сешествитнльное и определи тип

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Djdjdjdjdjje
15.11.2021 03:52
Өз туған тіліңмен қатар, өзің тұрып жатқан елдің тілін білу міндет, ал басқа ұлттың тілін білу қажет деп есептеймін. Себебі, тіл өзге халықтың мәдениетіне , салт-дәстүріне есік ашатын кілт секілді. Жаңа тілді үйренген сайын, адамның ой-өрісі , қоршаған ортаға деген көзқарасы да дамиды. Басқа елдің адамымен араласқан сайын мәдениеттілік те жоғарылайды. Көп тілді білген адам, қартайғанда мидың Альцгеймер, Паркинсон секілді аурулармен ауырмайтынын ғалымдар дәлелдеген. Ал көп адамның арманына айналған басқа елдерге саяхат ше? Қыдырып барған еліңде, біреумен сол тілде сөйлессең, дәрежең жоғарылай түседі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ilonasusak77
10.02.2022 21:54

Ең үлкен күш кімнің күші? Алып балуанның күші ме, шіріген байдың дәулеті ме, жоқ әлде айлакер сиқыршының сиқыры ма? Бұл үшеуінің біреуін таңдап, нағыз күш деп ойласаңыз сіз қателесесіз. Байдың күші кедейлерге көмектескенінде, әйтпесе қолдың кірі ғана. Балуанның күші бұлшық етінде, жалғыз ғана қарсыласын жығуға жетер, он балуанға бірден шамасы жете қоймас. Сиқырдың күшін айтпасам да болады, өзі де көз байлап қызықтыратын бірнеше айладан тұратыны мәлім. Ал ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол- білім. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Бұл мақалды көбіміз жатқа білсек те, мағынасына терең үңіліп ойланып көрмеген болармыз.

А туа сала ештеңе білмегенімен, Алла тағала оны үйренуі үшін барлық мүмкіндіктермен қамтыған. Яғни адам туа білмейді, жүре біледі. Сол сізге берілген мүмкіндіктердің ең негізгісі, және сізді жануарлардан айыратын ол – ақыл және де ойлау қабілетіңіз. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас демекші осы ақыл ойыңыз арқылы үйреніп, білім күшіне ие бола аласыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота