
1.Заманнан заман оралған,
Дүние шіркін соны алған.
Адыра қалғыр бұл қоныс,
Қайырсыз екен азалдан.
2.Еділдің бойы-қанды қиян,
Жайықтың бойы майлы қиян.
Маңғыстау бойы-шаңды қиян,
Адыра қалғыр,үш қиян.
3.Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы.
Қонып,мекен еткен жер.
Мың-мыңнан жылқы айдап,
Жүз-жүзден нар байлап,
Дәулеті қалың біткен жер.
4.Шаңдаттырып даласын,
Талқан етіп қаласын.
Атамыз қазақ болғанда,
Әлденеше шапқан жер.