Спартак көтерілісі – Ежелгі Римде б.з.б. 73/74 – 71 жылы болған құлдар көтерілісі. Көтерілісті құлдыққа сатылып, Капуядағы гладиаторлар мектебіне түскен Спартак басқарған. Ол ежелгі авторлардың айтуынша римдіктерге тұтқынға түскен дакиялық тайпа көсемінің баласы болған. Көтеріліс барысында Спартак өзін шебер ұйымдастырушы әрі талантты қолбасшы ретінде көрсетті. Оның жасағының саны аз уақыт ішінде 10 мыңнан 70 мыңға дейін жетіп, көтеріліс Кампаниядан Италияның оңтүстік аймақтарына жедел тарады. Б.з.б. 72 жыды Рим сенаты көтерілісшілерге қарсы екі консул (Г.Лентул, А.Гелий) әскерін жіберді. Бірақ бұлар Спартактан күйрей жеңілді. Спартак армиясының жеңісі Римнің іргесін шайқалтып кетті. Жер-жерде құлдар өз иелеріне қарсы көтеріліп, имениелерді өртеді, көтерілісшілерге қосылу үшін қашып жүрді. Көтерілісшілер Адрия теңізінің жағалауымен бүкіл Италия, Цизалпия Галлиясына дейін жетіп, Мутина маңындағы шайқаста Рим проконсулы Кассий әскерін күл-талқан етті. Рим сенатынан маза кетті. Олар көтерілісті басу үшін елдегі бүкіл әскерді жұмылдыруға кірісті. Құл иеленушілерден арнайы әскер жасақтала бастады. Оңтүстікке қарай бұрылған көтерілісшілерге қарсы жаңадан Красс армиясы, кейін Испаниядағы Гней Помпей басқарған армия, Фракиядан Марк Лукулл жасағы жіберілді. Апуллия мен Лукания шекарасындағы шайқаста (71 жыл, көктемде) Спартак армиясы күйрей жеңілді, өзі қаза тапты.
Объяснение:
Осы дұрыс
Объяснение:
-Cәлем, Костя!
- Сәлем, Андрей!
-Костя, сен қайда тудың?
-Менің туған жерім - Қазақстан.
-Сен Қазақстанның қай жерінде тудың?
-Мен Көкшетауда тудым.
-Көкшетау үлкен қала ма?
-Жоқ, Көкшетау шағын қала. Ол өте әдемі, көркем қала. Көкшетауда театрлар, мектептер, спорт сарайы, саябақтар бар. Қаланың маңайында ағаштар, таулар, Қопа көлі бар. Көкшетау менің туған өлкем. Ал сенің туған өлкен не, Андрей?
-Менің туған өлкем Ресей Федерацияндағы Омбы қаласы. Ол үлкен, әдемі және тамаша қала! Омбыны Ертіс өзені екіге бөліп өтеді.