ответ:
дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. әр дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. достық ң ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. ол артқан сайын, достық та қатая түседі. ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «достық» туралы нақты ой айтқан философ а.шопенгауэр өзінің «өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «нағыз шынайы достық ң бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. осының бәрі ң табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларда кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететіндері де бар.