
Спорт киімдері туралы диалог.
Алтынай: Апатай, қолыңыз бос болса, сізге бірер сұрақтарым бар еді...
Ханшайым: Айта бер, жаным. Қандай сұрақтар? Білсем, жауап берейін.
Алтынай: Сіз қанша дегенмен спорт саласында жұмыс істейсіз ғой, үй тапсырмасындағы жаттығуда маған спортшылардың киімдері туралы сұрақтарға жауап беру керек.
Ханшайым: Ондай болса, оңай екен. Сұрай бер.
Алтынай: Барлық спортшылар жаттығу барысында міндетті түрде қандай киім киеді?
Ханшайым: Спортшылар міндетті түрде спорттық шалбар мен нымша (блуза) киеді
Алтынай: Киімдер түймелі болады ма?
Ханшайым: Жоқ, көбінесе киініп – шешуге ыңғайлы болу үшін киімдер сыдырма ілгекті болады.
Алтынай: Кеңінен таралған спорттық киім түрі?
Ханшайым: Қысқа (трусы) мен майка.
Алтынай: Комбинезонды кімдер киеді?
Ханшайым: Шаңғышылар, тау шаңғышылары, трамплиннен секірушілер мен шанамен сырғанаушылар.
Алтынай: Ал коньки тебушілер қалай киінеді?
Ханшайым: Олар синтетикалық матадан тігілген қозғалысқа кедергі келтірмейтін капюшоны бар арнайы комбинезон киеді.
Алтынай: Редингот деген не және оны кімдер киеді?
Ханшайым: Ат спортына қатысушылар редингот деп аталатын арнайы пенжек киеді. Редингот дегеніміз – ілме өңірлі (однобортный) артында ойығы бар ұзын пенжек.
Алтынай: Апатай, барлық сұрақтың жауабын біледі екенсіз! Сізге көп рахмет! Сабақта «бес» алатын болдым!
Ханшайым: Оқасы жоқ, жаным. Көмектесе алғаныма қуаныштымын.
Менің сүйікті жануарым – қоян. Оны барлық ертегіде қорқақ деп сипаттайды. Көптеген мультфилмде, фильмде қоянды ақ пейілді етіп бейнелейді. Оның сүйкімді бітімін ерекше жақсы көремін. Әр қозғалысы өзіне ерекше жарасым сыйлайды. Қоянның тісі өмір бойы өсетіндіктен қатты нәрсе жегізіп қайрайды. Өзім асырайтын қояным жоқ болғанмен, суретін көп саламын. Қоян қыста ақ түсті болып терісі түлейді.. Жазда қоңы түсті болуы қызық. Неге бұл жануардың түстері әркелкі деген сауал толғандырды. Деректі фильмге қарасам орманда осылай өмір сүруі қауіпсіз екен. Табиғи болмысы өзгеруге бейім жануардың өмірі осылай сақталады екен. Құйрығы қысқа, құлағы ұзын болғаны қоянға көрік береді. Жаратылысының әсемдігі өзіне қызықтырады. Болашақта өзім де үйде қоян асырағым келеді. Себебі, «Қап, бәлем, тұра тұр!» мультфильмін көргенде қоянды қатты аядым. Әрр бөлімде қоянның қасқырға ұсталмауын тіледім. Жыртқыш аңға жем болмасы үшін қоянды үйде баптағым келеді.
Объяснение: