Диалог на по тексту Тарихи сананың қоғамдағы маңызы жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы мамыр айында Астана қаласында ұйымдастырылған Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында сөйлеген сөзінде: «Тарихи сананы дұрыс қалыптастыру арқылы біз
болашаққа нық қадам жасайтын боламыз. Оны іске асыратын құрал – әркімнің өзінің төл
тарихы пен мәдениетін білуі» деген еді.
Расында, қоғамда тарихи сана дұрыс қалыптаспай, ұлттық сананың жаңғыруы мүмкін емес. Өйткені, ұлттық танымның өзегі – тарихи сана. Ал тарихи сананың қалыптасуында ақиқатты арқау еткен шынайы тарих пен халықтың байырғы қайнарынан сусындап, салтдәстүрдің алтын арқауына байланған руханияттың рөлі зор.
Қазақ қоғамын сауықтырудың жолы кемелденген тарихи сананы қалыптастыру
арқылы барлық халық бір ғана мақсат пен ортақ мүддеге жұмыла қызмет істеу екені
түсінікті. Осы орайда, үнді жұртының көсемі Рабиндранат Тагордың «әрбір халық әлемдік
қоғамдастық алдында өзінің басқаға ұқсамайтын ерекше ұлттық болмысымен дараланып
тұрмай, басқаның қаңсығын қадір тұтса, ол халық жойылуға бет бұрған, қасірет жолындағы ұлт» дегенін де ұмытуға болмайды.