Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар а ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексерту үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.
Ең алғашқы ғарышқа ұшырыған жәндіктерге жеміс шіркейлері жатады. Оларды 1947 жылы V-2 зымыраны бортында ұшырды. Зымыран шіркейлерді жүгерісі бар қораппен бірге алып ұшты. Бұл тәжірибенің мақсаты жоғары биіктіктегі радиацияның шіркейлерге әсерін тексеру болды.
Альберт 1 мен 2 – ғарышқа ұшырылған екі макака маймыл. Альберт1 1948 жылдың 11 маусымында ұшырылды. Ол Нью-Мехикодағы Аққұмадрдан "V-2 Блоссом" зымыраны бортында ұшырылды. Ол ұшу кезінде тірі қалып, Жерге түскенде соққы әсерінен өлді. Альберт-4 1949 жылдың 12 желтоқсанында ұшырылды. Бұл ең алғашқы сәтті ұшу болып, маймылға ешқандай зиян келген жоқ. Бірақ Альберт-4 соққы әсерінен өлді.
Содан бастап адамдар ұша бастады ғарышқа.
Объяснение:
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.