ПЕТУСШОГ
14.05.2022 17:37

2 - тоқCAH БойынША жиынтық БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР « Денсаулық - зор байлық » , « Сүйіспеншілік пен достық » бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырма : Мәтінді мұқият тыңдап , мазмұндаңыз , ондағы тірек сөздерді , негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз . Екі дос Ертеде , ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып , дос болады . Бірде аскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды . Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды . Тонаған мал мүліктерін тиеп кетеді . Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді . Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі . Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп , жау жатқан жағаға келеді . Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады . Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді . Алып барған соң , ол жаудың қолбасына : - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп , сатып алуға келдім . Менің оған айырбасқа берер мал - мүлкім жоқ . Бір - ақ нәрсе беремін Ол - өзімнің өмірім . Досымды босатсаңдар , ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім , - дейді . Қолбасы ойланып отырып , оны сынамақ болады да : - Жарайды , мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын . Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды , - дейді . - Ол не ? - деп сұрайды досын қүтқаруға келген жігіт . - Маған сенің көздерің керек , - дейді қолбасы . - Ол да болсын , көзімді ал да , досымды босат , - дейді жігіт . Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді . Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып , зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады . Мұны көрген жаудың қолбасшысы : « Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп , қапыда бас салған жағдайда болмаса , бетпе - бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар » , - деп түйеді . Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен . Көзқарас Қосымша ақпарат Негізгі ақпарат

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
назар175
04.11.2020 09:35

Салауатты өмір салты.

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.

Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?

Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.

Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.

Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.

Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.

Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
zitzcool
13.09.2020 23:50
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.
Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.
Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...
Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.
Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.
"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
1) Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас...
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас...
Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б.
Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота