luiza2010
19.03.2020 21:14

«Жантаза» (әңгімеден үзінді) Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен
желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз
тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де
үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
«Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны
көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп,
желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың
қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да
қаласың...»
Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер
жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа
қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге
оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас
батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап
ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай
жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт
араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір
салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе

алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап
кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді.
Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға
дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде
өз тірлігімен айналыса береді.
3-тапсырма
Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз.
/4 ұпай/

Кейіпкердің
аты

Кейіпкердің
жасы, түрі,
сыртқы келбеті

Кейіпкердің
мінезі, қылығы,
ішкі жан дүниесі

Кейіпкердің
іс-әрекеті

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mihasemi
15.09.2022 21:30

СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Камилла200504
15.05.2020 19:28

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Кез-келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді. Жалпы қалалар мен ауылдардың дамуы бір-бірімен тығыз байланысты.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота