Аудармасы.
- Сәлем, Әсем!
- Сәлем, Арман!
- Не істеп жатырсың?
- Өзімнің Отаным жайлы жазып отырмын.
- Өте қызықты, өзіңнің Отанын жайды айтып берші?
- Менің Отаным Қазақстан Еуразияның ортасында орналасқан. Елордамыз - Астана қаласы.
- Қазақстан қандай елдермен шекаралас?
- Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шекаралас.
- Қазақстанның қандай байлығы бар?
- Қазақстан көптеген пайдалы қазбаларға бай. Мысалға: мыс, мырыш, калий, темір т.б.
- Ал Қазақстанның табиғаты қандай?
- Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Еліміздің жартысы далалы болса, жартысы - орманды. Қазақстанда көрікті жерлер көп. Солардың бірі - Бурабай - еліміздің інжу - маржаны, екінші Швейцария атанып кеткен.
- Ал көлдер мен өзендер ше?
- Әрине, өзен мен өклдер де бар. Қазақстанда 8500 өзен мен 48 мыңнан астам көл бар, сонымен қатар Қазақстан Каспий теңізіне шыға алады.
- Бәрекелді, Отаның керемет екен!
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған.Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Қазақ тар төрт түлікті ерекше қастерлейді.