ke7rin
17.01.2021 18:53

Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» Француз жұртының бір білімді адамы жазады:
— 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:
— Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара кебірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк[1] ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым[2] бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті.
Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.
1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:
— Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?
Сонда ойыма түсіп, таң қалып:
— Сен Антонбысын? — дедім.
— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.
2-тапсырма.Пікір білдіріңіз.мәтінінде көтерілген басты мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіреді

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mishustinat
10.01.2020 15:40

1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз

2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған

соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі

ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда

беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан

бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын

жайып беретін батаның түрі.

3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-

ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.

4.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dancecowerbts
30.04.2020 07:11

Менің мектепте ұнататын сабағым қазақстан тарихы. Біз қазақстан тарихынан қазақстан және тағы басқа елдер туралы көп біле аламыз. Және оның көмегімен ата-бабаларымыз туралы да көп мағлұмат ала аламыз.

Келесі менің ұнататын сабағым ағылшын тілі. Ағылшын тілінен де біз көп нәрсе түсінеміз.Ағылшын тілін жақсы меңгеріп алсақ біз шет елдерге оқуға түсуге мүмкіндігіміз болады.

Және де менің тағы бір жақсы көретін сабағым ол математика пәні. Математика пәні біздің өмірімізге өте керек пән. Математика пәні бізге дүкенге кірсек те, және тағы басқа жерлерде керек пән.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота