Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.
"Талай да талай шыңды астым,
Тастағы гүлмен мұңдастым.
Қарағайлармен құрдаспын,
Қайыңдармен сырласпын.
Тайсалмай өзім тауда өстім,
Таласар, қане, бар ма ешкім?!" деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай мен Қазығұрт тауының етегінде туып - өстім.
Таулардың, шынымен де, бір беймәлім сыры бар сияқты. Осынау асқар тау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.
Тауда бір рет болған адам оны мәңгілік жүрегінде сақтап қалады. Таудан қуат алып, оның алыбы мен сұлулығына тәнті болары сөзсіз.
Тау етегінде орналасқан ауылымыздың табиғаты да ерекше. Жылдың қай мезгілі болмасын тауға шығып, шынығып, қуат алғанды ұнатамын. Таудан сылдырап аққан мұздай суды ішіп, шөлімді бір қандырамын.
Объяснение: