xezi1
04.09.2020 22:04

Ұлбике Жанкелдіқызы қазақтың ақын кызы, майтал- ман айтыскер, жезтаңдай әнші, домбырапшы. Тал бойынаалуан түрлі өнер дарыған ару Ұлбике – ойы ұшқыр, өлеңі
сұлу, кісілік парасаты өрелі ақын.
Бірде Майлықожа ақын Ұлбикеге әзілдеп: «Түсімде алтын
зеренге қымыз құйып отыр екенсің», - депті. Сонда Ұлбике:
Басыма салып жүрмін желегімді,
Үш-төрт жыл біле алмадым дерегінді.
Мүтәні теріс оқыған залім қожа,
Тауып бер көнегім мен зеренімді, - деген екен.
Ұлбике бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір тамаша үлгі-
лерін жүрген жерлерінде маржандай шашып отырған. Сол
мол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені - мың шумақтай өлең.​


Ұлбике Жанкелдіқызы қазақтың ақын кызы, майтал- ман айтыскер, жезтаңдай әнші, домбырапшы. Тал бойына

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
marina13marina13
18.12.2021 20:25

Қазақстанның әлем кеңістігіндегі имиджі.

Еліміз 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, өз алдына егемен мемлекет болды. 28 жылдың ішінде елімізде бірқатар өзгерістер орын алып, бүгінде Қазақстан - әлемдік картада өзіндік орны бар, бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз ел. Егемендік алғаннан бері ұлттық валюта енгізіліп, жаңа Астанамыз бой көтеріп, елдігіміздің нышандары (Әнұран, Ту, Елтаңба) белгіленді, қысқы Азиада ойындары, ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі т.б. бірқатар елеулі оқиғалар орын алды.

Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны мен мәртебесі бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, батыр бабаларымыздың ұрпағы болғаным - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отанымның саясаты мен экономикасының дамуына бар күш - жігерімді арнағым келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
игорь778
04.06.2020 20:33

Әлемнің жеті кереметі-біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

Әлемнің жеті кереметі

Олар:

Мысыр пирамидалары ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік ежелгі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилоня әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан. Бақ ерекше ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда алапат соғысынан қираған.

Олимпиададағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне Грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн Құдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

Бұл алғашқы «Әлемнің жеті кереметіне», «Екінші 7 керемет», «Табиғаттың өзіндегі 7 керемет», «Қиял-ғажайып 7 керемет», т.б. «Кереметтер» қосылып келеді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота