AnnaKnuazev
14.04.2021 19:32

Жақсылық Үшкемпіров –қазақ халқының біртуар ұлы, грек – рим күресінің балуаны, спорт шебері. Ол бүкіл әлемдік күрес жарыстарында ел намысын қорғаған. Қазақтың бұл балуаны 1951 ж 6 маусымда Жамбыл облысындағы Тегістік аулында туған. Ол осы бір шағын ауылда бала күнінен бастап спортпен шұғылданды. Жас спортшы өз өмірін грек-рим күресіне арнады Жақсылық Үшкемпіров -1980 ж Мәскеу Олимпиадасында алтын медаль иеленген чемпион. Сол кезде боз кілемде өз өнерін көрсеткен балуан Кеңес Одағының екі дүркін чемпионы атағын алған. Осы атақтары балуанның атын әлемге танытты. Қазір ол –зейнеткер. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Міне, осындай спорттағы жетістіктері үшін ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды.1-топ. Мәтіннен тірек сөздерді табыңыздар, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар және мазмұндаңыздар. 2- топ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып жазып, жауап беріңіздер. 3-топ. Мәтіннің негізгі идеясын табыңыздар, кейіпкерді сипаттаңыздар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KhanKotyan
14.05.2021 16:38

Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.

Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ.

Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.

Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Викарайс
02.09.2021 08:19

Аудармасы.

Аспазшы – тағам дайындаумен айналысатын адам. Аспазшы нағыз сиқыршы, себебі ол күнделікті азық – түліктен өте дәмді тағам әзірлей алады. Аспазшы мамандығы кез – келген салада қажет: мектептерде, ауруханаларда, балабақшаларда, асханаларда, кеңселерде, мейрамханаларда, әскерде, өйткені аспазшы тағамды жай ғана дұрыс пісіріп қана қоймай, сонымен қатар өз ісін сүйетін адам. Жақсы аспазшыны тіпті басқа мемлекеттерге жұмысқа шақырады. Аспазшы мамандығы - әлемде ең танымал әрі сұранысқа ие мамандық.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота