1 ақын
2 с
3 өздік есімдігі өзім
жалпылау есімі барлығы
сілтеу есімдігі сол
жіктеу есімдігі мен
Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, а үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған-туыс, жора-жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім.Менің туған жерім - қасиетті, құтты қоныс. Ол мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, дала тәлімін, тәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмай керіліп жатқан кермиық кең дала мені сабырлылық пен салмақтылыққа, кеңпейілділікке тәрбиеледі. Ал жаныңа тыныштық сыйлап, анда-санда әрлі-берлі сипай өтіп, қытығыңа тиетін барары мен келер жері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе, сыңғыр күлкісі еріксіз елітетін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырай ағып, сабырлылық пен байыптылыққа баулыды.