Ол алғаш рет 1955 жылы «Гиннес» деп аталатын ирландық сыра қайнатушы компанияның тапсырысы бойынша жарық көрген. Идеяның авторы Хью Бивер. Ол ирландық және британдық сыраханалардағы үнемі үзілмейтін, басы да, аяғы да жоқ әлемдегі «ең, ең» деген дауды шешу үшін осы тақырып төңірегінде қандай да бір беделді басылым болуы керек деген ойға келеді. Бұл идея Крис Чатэвэймен ағайынды МакУайртерлерден де қолдауға ие болып, олар бұл іске жандарын салып кіріседі.
Осылайша, 1955 жылдың 27 тамызында бұл кітаптың алғашқы шығарылымы жарық көреді.
«Гиннес рекордтар кітабының» алғашқы басылымында ғылыми тұрғыда дәлелденген деректер мен дәйектер жарияланды. Оның өзін ағайынды МакУайртерлер түрлі дерек көздерінен жинайды. Уақыт өте келе, оның әрбір шығарылымында адамдардың біртүрлі және шектен шыққан ерекшеліктері мен жетістіктері беріле бастайды. Кітапты шығарушылар халықтың назарын өзіне аударып, қызығушылығын арттыру үшін Гиннес рекордтар кітабының Бүкіләлемдік күнін белгіледі. Бұл қараша айының үшінші аптасының бейсенбісі, әлі күнге дейін аталып өтіп келеді. Гиннес кітабы көп ұзамай көпұлтты АҚШ-та да танымалдылыққа ие болды. Тіпті кітапта жарияланған кейбір мәдениет салаларын зерттеуге арналған арнайы басылымдар, сондай-ақ, әр елдерде кітаптың ұлттық нұсқалары пайда бола бастады. Алайда, кітапқа байланысты қоғамда жағымсыз теріс пікірлер де жүрді. Алайда, кітап шын мәнінде авторлық құқықпен қорғалған, ең көп сатылатын басылымға айналғаны да шындық еді.
Тағы бір қызықты дерек, қоғамдық кітапханаларда көп қолды болатын кітап та осы Гиннес рекордтар кітабы екен. Ол ең көп ұрланатын кітап ретінде рекордтар тізіміне енгізілген. 2015 жылы Гиннес кітабының шыққанына 60 жыл толып, ол кең көлемде аталып та өтті.
Кітапқа ақпарат жинаумен айналысатын Guinness World Records компаниясының өкілдері рекордтарды тіркеуге зор жауапкершілікпен келеді екен.
Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.