наталья763
10.10.2022 19:27

Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді. Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
CrazyMashin
29.11.2021 17:55

Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабы - 26.11.2017, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017жылы дүниеден озды.

Арғын тайпасы Шегендік руы Қақсал бөлімінен шыққан[1].

Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
fedia24
29.11.2021 17:55

Аталары ағашты тамырымен жұлған

Қажымұқан Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Аталары: қыпшақ Тоқтарбай, одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан, Санбай, Шадибатыр, Ернақ және әкесі Мұңайтпас.

Атасы Ернақ ерекше күштің иесі болған дейді және өз немересіне қазақша күресті үйреткен. Ал нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлған деген аңыз бар. Әкесі Мұңайтпас та өте күшті адам болды. Күрес жарыстарына қатысып, "жуанаяқ палуан" деген атпен танылды.

Мұңайтпасұлы құжат бойынша 1871 жылы 7 сәуір күні қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Алайда оның туған жеріне қатысты басқа да пікірлер бар. Зерттеушілердің бір тобы оны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келді деп пайымдайды.

Мұңайтпасұлы 17 жасында танылды  

Қажымұқан жастайынан байларға жалданып, ауыр жұмыс істеген. Сол кезде батпаққа батып қалған өгізді жалғыз өзі тартып шығарып алғаны туралы әңгімелер де бар.

Объяснение:

УДАЧИ!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота