Өлеңмен жұмыс. 4-тапсырма.109бет 1. Өлеңді оқу. 2. Өлең мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыру. 3. Сырдария өзені, менің анам, туған елім, Днепр өзені, Рейн өзені, Еділ өзені сөздерімен сөйлем құрастыр/ Составьте предложение словами.
Ескерткішкерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, ескі мұраларды сақтап, жинақтап, өзгелерге таныстыратын мекеме мұражай деп аталады. Мұражай заттық және рухани жәдігерлерді танытуда, зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда маңызды рөл атқарады. Мұражай негізгі бағыты жағынан: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражайлар, кешенді мұражайлар, мемориалдық мұражайлар болып бөлінеді. Мұражайларда жәдігерлерді жинау, есепке алу, сақтау,қайта қалпына келтіру, зерттеу нәтижелерін тарату бағытында қыруар еңбектер атқарылады. Қазақстанда Мемлекеттік мұражайы, Ә. Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы, Президенттік мәдени орталық, Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы, Ұлттық валюта мұражайы, Кітап мұражайы, Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы, «Әуезов үйі» ғылыми орталық мұражайы және тағы басқа мұражалайлар жұмыс атқарады.
Қазақтың ұлттық әшекей-бұйымдары сән үшін тағылып қоймай, қорғаныс қызметін де атқарған. Сол себепті қазақ қыздарының әшекейлерін жасау үшін тазарту қасиеті бар күміс пайдаланылған. Ерте заманда әшекейді жаңа туған нәресте шағынан бастап таққан. Бұл тіл-көзден сақтайды деген ырымның бір түрі. Олар қызыл таспен әшекейленген күмістен жасалып, жаңа туған нәрестенің тақиясына немесе аяқ-қолдарына тағылған. Халық қызыл түсті тас бақыт пен шаттық әкеледі деп сенгедіктен, көптеген әшекейлерде осы тастың түрі кездеседі. Көз тиюден сақтану үшін 2-3 жасқа толғанда қыз балалардың құлағына осы меруерт тастардан жасалған сырға салған. Және қолдарына шақшақ құс бейнеленген білезіктер таққан. Кейіннен жасы ұлғая келе қыздар асыл тастармен көмкерілген салбырап тұратын сырғаларға ауысқан.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку