Bihan231
09.08.2020 03:00

7. Түбір сөзді белгілеңіз. A) тамыр
B) жұмысшы
C) күндік
D) мінезсіз
E) білім
8. Отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Мектеп – кеме, білім – теңіз.
B) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
C) Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
D) Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке.
E) Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.
9. Жұрнақтар қатарын белгілеңіз.
A) -шы, -ның.
B) -ла, -гер.
C) -лар, -мен.
D) -дың, -дің.
E) -ға, -дан.
10. Сын есім болып табылатын туынды түбірді табыңыз.
A) Үнсіз
B) Жеңіл
C) Сана
D) Төмен
E) Көк
11. Туынды түбірлі етістіктерді анықтаңыз.
A) Қалың, жұқа
B) Түне, сана
C) Түндік, сандық
D) Ал, көр
E) Қойшы, қой
12. Етістіктердің шағын анықтаңыз.
Сұрап отырмын, қостым, көмектесемін.
A) Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, мақсатты келер шақ.
B) Жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ.
C) Нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ.
D) Ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ, жедел өткен шақ.
E) Болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.

13. Күшейткіш демеуліктерді анықтаңыз.
A) -ақ, -ау, -ай, -шы.
B) бірақ, сондықтан.
C) ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
D) -мыс, -міс.
E) түгіл, тұрсын.
14. «Ақылды, басшы» сөздеріне түбірлес сөздерді белгілеңіз.
A) ақылшы, бастық
B) ақыны, басының
C) ақымақ, басады
D) ақынды, басқасы
E) ақыны, басу
15. Бұйрық райдың көпше түріндегі ІІ жақ жалғауын анықтаңыз.
A) -айын, -ейін.
B) -сын, -сін.
C) -ыңыз, -іңіз.
D) -йық, -йік.
E) -ңдар, -ңдер.
16. «Да, де, әрі» жалғаулықтары арқылы салалас құрмаластың қай түрі жасалатынын табыңыз.
A) Түсіндірмелі салалас.
B) Қарсылықты салалас құрмалас.
C) Кезектес салалас құрмалас.
D) Себеп-салдар салалас құрмалас.
E) Ыңғайлас салалас құрмалас

17. Демеулік шылаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Алдымен, тұсаукесер күні белгіленеді.
B) Тойға шақырылған құрметті әже баланың тұсауын кеседі.
C) Тұсаукесер тойына арнайы қонақтар шақырылады.
D) Баланың тұсауын кескен адамға сыйлық беріледі.
E) Сен тұсаукесерге жиі барасың ба?
18. Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.
A) Әлия Молдағұлова майданында Прибалтика қаза тапты ерлікпен.
B) Қаза тапты ерлікпен Әлия Молдағұлова майданында Прибалтика.
C) Әлия Молдағұлова Прибалтика майданында қаза тапты ерлікпен.
D) Ерлікпен қаза тапты Прибалтика майданында Әлия Молдағұлова.
E) Әлия Молдағұлова Прибалтика майданында ерлікпен қаза тапты.
19. Құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақстан табиғаты өте әдемі, біз өз Отанымыздың табиғатын сүйеміз!
B) Бүгінгі Қазақстан – білімді, дербес, жоғары мәдениетті, дамыған ел.
C) Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар.
D) Қазақстанның негізгі халқы – қазақ халқы.
E) Қазақ жері – пайдалы кендерге өте бай.
20. Мақалдың аудармасын табыңыз.
Дружи с тем, у кого приятелей много, откровенничай с тем, у кого друзей мало.
A) Күлме досыңа – келер басыңа.
B) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
C) Жаман жолдастан таяғым артық.
D) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
E) Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ordabaevabayan
27.05.2022 12:28

Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш 15 маусым 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылында дүниеге келген - жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы болған.1973 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газет-журнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.

Республикалық ба өзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы. Балаларға арналған туындылары да бар: «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», т.б. «Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері. Өз өмірінде керемет азамат болған

0,0(0 оценок)
Ответ:
jefimmalinovski
24.08.2022 23:45

Тәуекел хан — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

Бұхара хандығы — Орталық Азиядағы Шайбани хан негізін салған мемлекет (16 ғ-дың басы — 1920).

16 ғ-дың 2-жартысында хандықтың астанасы Самарқаннан Бұхара қаласына көшірілді. Бұхар хандығы деген ат осыған байланысты шыққан. Хандықта алғашында Шайбани әулеті (16 ғ-дың басынан 1598 жылға дейін), кейін Аштархан әулеті (1599 — 1740) және Маңғыт әулеті (1755 — 1920) билік жүргізді. Шайбани әулеті билік еткен тұста Орталық Азиядағы саяси жағдайға байланысты Бұхар хандығының жер көлемі жиі өзгеріп тұрды. 1506 — 10 ж. Қазақ хандығына қарсы ұйымдастырған 4 жорығының алғашқылары табысты болғанымен, соңғысында Шайбани әскері Қасым ханнан ойсырай жеңілді

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота