настена0902
08.11.2020 18:11

Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған. Қазақтың ескі әдет- ғұрпы бойынша еклін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарының атын өз атауымен атамайтын болған. Солардың әрқасысының жақындық долына, жасының үлкен – кішілігіне қарай лайықты ат қоюға тиіс болған. Мысалы: қызға шырайлым, еркежан, бикеш деген. Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: шешек ауруының атын атаудан қорқып, оны «қорасан» деген ТАПСЫРМА. 1. Мына сөйлемдерден табу сөздерді теріп жазу. - Тентекжан – ау, мені тастап бара жатқаның ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б. Майлин) -Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың қой. - Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар – бәрі бас қосып сөйлесіп отырды. Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді. Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп: - Телғара, қалқам, сені апаң шақырады, - деді Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келін бар – бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
hohlov228
17.01.2020 13:23

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.

Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.

Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.

Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.

Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.

Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
юлька438
28.11.2020 07:52
1.Тұсаукесер рәсімдерінде ҚР Ұлттық кітапханасы не жасайды?
Жауабы:тұсаукесер рәсімдерінде ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа кітаптардың авторларымен Авторлық келісімшарт жасайды.

2.Әдеби шығармалардың электрондық кітапханасын жасау жобасы қашаннан басталды? Авторлары кім?
Жауабы.
Әдеби шығармалардың электрондық кітапханасын жасау жобасы 2007 жылдан бері іске асырылып келеді. Дүйсенбек Нақыпов, Эрнест Төреханов, Аслан Жақсылықовтар Ұлтық кітапханамен келісімшартқа қол қойған алғашқы авторлар болып табылады.
 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота