
Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамадан сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту — ораза боп саналады. Рамазандағы ауыз бекіту ислам дінінің бес парызының бірі боп табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамадан — ай аты болса, ауыз бекіту парызы — қазақша ораза (арабша саум) деп аталады.
Объяснение: осылай шықты)