Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бөгде адам
Балалар жол бойымен жүріп келеді.
Олардың алдында бір қарт әжей кетіп бара
жатты.
Жолдың бетін мұз басқан, тайғанақ болатын.
Бір кезде қарт әжей тайғанап кетіп, құлап
қалды. Ұл бала әжейге қарай тұра ұмтылды.
Ол әжейді орнынан тұрғызып, жолдан өтуіне
көмектесті.
Қыз бала әрі қарай жүре берді. Ол досы өз
әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады.
Бірақ әжей мүлде бөгде адам еді.
а) Мәтіннің кейіпкерлерін жаз
ә) Әжейге кім көмектесті?
б) Екінші кейіпкер не деп ойлады?
в) Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады?
Неліктен?
г) Мәтіннің мазмұны бойынша қандай ой
түйдің?