Альберт Эйнштейн.
Альберт Эйнштейн мектепті қатты жақсы көрмесе де, вундеркинд болған. 11 жасында физика пәнін колледж деңгейінде меңгеріп, француз тілінен басқа сабақтардын бәрін де "өте жақсы" деген бағаға оқыған. Әсіресе математика пәнін жақсы көрген екен. Ата-анасы оқулықтарды күні бұрын әперіп, жазғы демалыс уақытында жас Эйнштейн құрдастарынан әлдеқайда алға кетіп қалады екен. Сонымен қатар әр бейсенбі сайын Эйнштейндар отбасына медициналық жоғары оқу орнының студенті Макс Талмуд келіп, қосымша сабақ жүргізген екен. Соның арқасында Эйнштейн 12 жасында геометрия оқулығын толықтай меңгеріп шыққан.
Ұлы физик Альберт Эйнштейн 1879 жылы 14 наурызда Оңтүстік Германия қаласы Ульмада, бай емес, еврей отбасында дүниеге келді.
Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”.
1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Эйнштейн - ғылымның ғалам жайлы түсінігін өзгерткен адам.
Астана - менің сүйікті қалам.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.