lzhaleeva
27.08.2021 07:03

«Елорда», «Нұр-Сұлтан» – мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сарыарқаның төрінде сән-салтанаты жарасқан әсем қала бой түзеді. Біздің ел жаңа ғасырға осындай ауыз толтырып айтарлық ерлікпен енді. Тәуекел – ердің қадамы. Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда, көптің көңілінде күмәннің болғаны шындық. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа леп келді. Зәулім ғимараттар салынды, Елордаға сән кірді, әлем тамсана қарады. Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы. Ол – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасы. Ол – саяси, әлеуметтік, қоғамдық диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы. Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан. Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған – Ақорда, өмір ағашы – «Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл» – барлығы да бірін-бірі қайталамайтын туындылар. Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері бас қаланың сәнін арттыра түседі. Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Нұр-Сұлтан – арман мен қиял әлемі. Тұңғыш Елбасы: «Бұл – ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған халқы бар әсем де мейірлі Бас қаламыз – Нұр-Сұлтан», – деген еді.

2 мәтін
– Сәлем, Жібек, сен Нұр-Сұлтан қаласында болдың ба?
– Сәлем. Жоқ,
бірақ барғым келеді. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет орындары мен көрікті жерлерді белгілеп қойдым.
– Імм, керемет екен! Қай жерлерге бармақсың?
– Алдымен, «Астана Опера» театрына, Пирамидаға, Ұлттық мұражайға барамын.
– Қойш, ол жерлерде қандай қызық бар? Киноға, ойын орындарына барған дұрыс қой.
– Ақгүл, мен мәдени-тарихи жерлерді аралап, білімімді жетілдіремін, ойын орталықтарына да баратын уақыт табылады.
– Иә, сенің айтуың орынды. Мен оны ойламаппын. Егер білімді болсақ, елімізге пайдамыз тиеді. Солай емес пе, құрбым?
– Әрине, дұрыс айтасың. Қазір білімімізді жетілдіру бағытында ізденбесек, кейін кеш болып, бармағымыздыды тістеп қаламыз. Оқудың маңыздылығын түсінгеніңе қуаныштымын. Жарайсың, Ақгүл!
Жібектің сөздері Ақгүлге үлкен ой салғандай болды. Ол бір сәт үнсіз қалды.

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, талдау жасап, кестені толтырыңыз.

1-мәтін 2-мәтін
Тақырыптары
(не туралы екенін жазу)

Стилі

Жанры

Тілдік ерекшеліктері
1-мәтіннен неологизмдерді (жаңа сөздерді) теріп жазыңдар.

2- мәтіннен сұраулы сөйлемдерді, қаратпа сөздерді теріп жазыңдар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rufa12
28.08.2021 05:44
Бұл суретте Абай және оның әжесі Зере бейнеленген.Ол екеуі ұршық туралы әңгіме қозғап отыр -Сәлеметсіз бе әже?Қалыңыз қалай?

-Амансың ба құлыным!Менде барлығы жақсы өзіңдеше?

-Шүкір аман есен! Мынау қолыңыздағы не?

-Бұл ұршық қой.

-Ал ол не?

-Ұршық жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап; жіп иіретін құрал. Оның ортасына сап өткізетін тесігі орналасады. Сабы ұршық басынан 3—4 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иіретілген ойық жол жасалынады. Кейде басына бір елі қашықтықтан соң мұрындық орналастырылады. Мұрындық немесе иіретілген ойық жол жіптің сіргеде біркелкі болып жинақталуына септігін тигізеді

-Мен түсіндім.Рахмет әжетай!Меніде ұршық иіруге үйрете аласыз ба?

-Ия,құлыным келе қой

Объяснение:

Осылай жазссаң қәте болмайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
мошкада
09.08.2022 08:29

Атам қазақтың бағалы асыл сөз мұрасы болып ұрпаққа жеткен «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа үлгі» - деген осы бір сөзінде үлкен бір астар бар. Баршаңызға мәлім заманның зарына айналған, атында зорлық пен зомдылықтың, қатігездік пен жауыздықтың зары бар Ұлы Отан соғысы бейбіт өмірдің күл-талқанын шығарып, баланы анадан, ананы баладан, біреуді жолдасынан біреуді әке-ағадан айырған сол соғыс әрбір жанның жүрегінде қара дақ болып орын алған. Қару ұстауға қауқарлы ер-азаматтардың барлығы майданға аттанды. Әлі буыны қатаймаған жас баланың иығына отбасының, қала берді бүкіл ауылдың ауыртпалығы артылды. Отан қорғау жолында өлімге кеуде тосқан жастар елі үшін, ұлы отаны үшін ештеңеден аянбағаны бәрімізге мәлім. Аяздың ызғарына, желдің дауылына, жаңбырдың селіне қарамастан ұлы отандары үшін аянбаған майталмандарымыздың ерлігін атап, болашаққа баға жетпес мұра етіп жеткізу әрбір азаматтың міндеті болуы керек деп білемін. Алдыңғы буын аталарымыз бен ағаларымыздың ерлігін елге жеткізу біздер үшін үлкен аманат. Елім, жерім деп ұран салған майталмандарымыздың бірі Жантасов Қашқын Қасабайұлы атамыздың өмірі жайлы айтып өтсем деймін. Жантасов Қашқын Қасабайұлы 1917 жылы қараша айында Талдықорған облысы, Қаратал ауданында қазақтың қарапайым отбасында дүниеге келген азаматымыз. Тағдырдың жазғанына көнеміз, атамыздың арамыздан өткеніне біраз жыл өтті, тірі болғанында қазір 97 жастың төрінде төрлетіп отырар ма еді? Амал қанша тағдырдың жазмышы осы. Атамыздың өз аузынан естіген әңгімесінде, әке-шешесі ертеде, ашаршылық жылдары қайтыс болып, өзі Алматы қаласының балалар үйінде тәрбйеленген екен. Жастайынан жетім қалып, буыны ерте қатайып, тағдырдың талқысын бала кезінен көрген атамыз өмірдің сынағында шыңдалған секілді. Ел мазасын, берекесін алған Ұлы отан соғысына 1941 жылдың шілде айында отан үшін жанын беруге дайынмын деп майданға аттанады. Тағдырдың сынағымен шыңдалған жігітке отаны мен елінің тағдыры өмірінен артық тұрады. Сөйтіп, неше жыл соғыс әрекеттеріне қатысып, өз үлесін қосқан жеңіс хабарын Кенинсберг қаласында қарсы алады. Көк аспанның төрінде жеңімпаз елдің туы көкке самғады. Қазақ даласына Ұлы Отан Соғысының ардагерлері қаһармандар болып оралды. Солардың бірі Қашқын Қасабайұлы. 1946 жылдан бастап еңбек майданында, мәдениет, білім, құқық қорғау органдары, сот жүйесі, ауыл шаруашылығы саларында маман, жетекші-басшы қызметтерде бола жүріп, өндірістен қол үзбей білімін жетілдірген атамыз 1968 жылы мамыр айында дербестік зейнеткерлікке шығады.

Объяснение:

Бұл жерде бір кісінің өз елі үшін жасаған ерлігі жөнінде жазылған. Мен осылай жаздым дұрыс болады

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота