Біздің мектепте кітапхана бар.Кітапхана кең, жарық және таза.Кітапханада оқулықтар және әдеби кітаптар көп.Мектеп кітапхананың атқару қызметі үлкен.Кітапханаға оқушылар келіп ,қажетті мәліметтер жаздырып алып отырады, білімдерін толтырады.Мектептің кітапханасында көптеген іс шаралар өткізіліп тұрады.,,Кітап білім бұлағы ,, Туған елім Қазақстан ,, деген сияқты іс шаралар өткізілді.Кітапханада адам кітап оқып білім алады.Кітап білім бұлағының көзі..Кітапхана халық қажетіне жарап ,ғасырлар бойы жасайды.
Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы баға алсам, әжем қатты қуанады. Мені құлыншағым ботақаным деп еркелетеді. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлес қосып келеді. Ол менің ибалы да, иманды қыз болып өсуімді қалайды. Мен әжемнің менің жақсылығымды көріп, қызығыма тоймай, ұзақ өмір сүре берсін деп тілеймін!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку