Pharmit24
29.07.2022 21:54

8—сынып қазақ тілі жауабы керек


8—сынып қазақ тілі жауабы керек

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AAOO
30.03.2022 02:02
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

 Қосымша тақтайшалар

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады
0,0(0 оценок)
Ответ:
nikita4502
04.06.2021 17:52

Шығарма

Маймылдар.

Жануарлар әлемі бүгінгі күнге дейін тылсым жұмбақ болып қала береді.Себебі, әлі де адамзат зерттемеген тіршілік иелері,өкілдері бар.Хайуанаттар бағында не мультфильмдерден жиі көретін қызықты да ақылды жануарлар ол – маймылдар.Маймыл – приматтар отрядына жататын ең жоғарғы сатыдағы сүтқоректі.Бұл жерде оларды ең жоғарғы сатыға жатқызуы жай емес.Олар адам секілді.Тіпті эволюция заңында маймылдар мен адамдардардың шығу тегі бір деген тұжырым да бар.Маймылдардың сырт пішіні адамдардікіне ұқсайды.Ауыздарындағы тістерінің саны – отыз екі.Олар адам секілді ойлай алады,мінез-құлықтары да бар,қолдарымен қызмет істейді.Орманды, орманды таулы жерлерде мекендеуіне байланысты көру, есту қабілеттері жақсы жетілген, иіс сезімі нашар дамыған. Маймылдар миының көлемі, салмағы, даму дәрежесі жөнінен басқа сүтқоректі жануарлар арасында жоғары сатыда.Маймылдар бір-бірімен сөйлесе алады.Шығарған дыбыстары белгілі бір затты білдіреді.

Маймылдар Үндістанда қасиетті жануар боп саналады.Бұл мемлекеттте қырық миллион маймыл мекен етеді.Үнді фильмдерін қарайтын болсақ маймылдар қаланың ішінде де жүре береді.Стэнфорд университетінде Коко деп аталатын горилла өмір сүреді. Ол ағылшын тіліндегі 2000 сөзді түсінеді.Тіпті, адаммен қалжындаса алатындығы таң қалдырады.Ең қызықтысы,бұл жануарлар тек қана бананмен қоректенбейді,бананды керісінше сирек жейді.

Әлбетте,маймылдар туралы білетініміз көп болғанымен,білмейтініміз екі есе көп.Олардың тіршілігі адамдардың қызығушылығын жоғалтқан емес.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота